Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Салық жеңілдіктері

1. Жалпы ақпарат: 

Салықтар бойынша преференциялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі. 

Салықтар бойынша преференциялардың түрлері: 

1) инвестициялық басым жобалар үшін:

      - есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту; 

- жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану; 

- мүлік салығын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу; 

2) инвестициялық басым жобаларды қоспағанда, инвестициялық жобалар үшін – инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын қосылған құн салығынан босату;

3) арнайы инвестициялық жобалар үшін – арнайы инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығынан босату.

2. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың шарттары мен мерзімі

Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.

Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.

3. Қажетті құжаттар тізімі:

Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 292-бабына сәйкес келесі құжаттарды қоса тіркеумен Комитетке инвестициялық преференциялар беруге өтінімді жiбередi:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар; 

2) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

3) «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы  №1133 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

4) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар.

Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ұсынады.

4. Белгілі бір мемлекеттік қолдау шарасы үшін жауапты ұйымдардың байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвесторларға қызмет көрсету орталығы
Тел./факс: +7 (7172) 98 36 25Б
Call-Center: +7 (7172) 98-36-78
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28
«Kazakh Invest» АҚ аймақтық өкілдігі

Аманбаев Ильяс

Аймақтық директор
+7 708 832 31 68
Қостанай, Әл-Фараби даңғылы, 65 үй. 1010
5. Заңнамалық база: