Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Мемлекеттiк заттай гранттар

1. Жалпы ақпарат: 

Мемлекеттiк заттай гранттар – Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетін не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мүлік;

2. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың шарттары мен мерзімі

Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі тиiстi уәкілетті органдармен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi. 

Уәкiлеттi органның шешiмi ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусіз беру үшін негiз болып табылады. Уәкiлеттi органның шешiмi инвестор мен уәкілетті орган арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестор инвестициялық міндеттемелерін орындаған жағдайда, инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi өткеннен кейін қабылданады.

Мемлекеттiк заттай гранттар ретiнде: жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық саймандар берiлуi мүмкін.

 Мемлекеттiк заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз пайызынан аспайды. 

Егер сұрау салынған мемлекеттiк заттай гранттың бағаланған құны аталған ең жоғарғы мөлшерден асып түссе, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынған мүлiктi оның бағаланған құны мен мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.

3. Қажетті құжаттар тізімі:

Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 292-бабына сәйкес келесі құжаттарды қоса тіркеумен Комитетке инвестициялық преференциялар беруге өтінімді жiбередi:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар; 

2) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

3) «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы  №1133 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

4) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар.

Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ұсынады.

4. Белгілі бір мемлекеттік қолдау шарасы үшін жауапты ұйымдардың байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвесторларға қызмет көрсету орталығы
Тел./факс: +7 (7172) 98 36 25Б
Call-Center: +7 (7172) 98-36-78
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28
«Kazakh Invest» АҚ аймақтық өкілдігі

Аманбаев Ильяс

Аймақтық директор
+7 708 832 31 68
Қостанай, Әл-Фараби даңғылы, 65 үй. 1010
5. Законодательная база: