Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Географиялық орналасуы

Қостанай облысы Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде және көлемі 25 миллион адамнан асатын тұтыну нарығының орталығында (Қостанай қаласынан 1000 км радиуста) орналасқан. Облыс батысында Ресейдің Орал өңірі мен оңтүстік-шығысында Орталық Қазақстан сияқты дамыған өнеркәсіп аудандарымен көршілес болғандықтан тиімді экономикалық-географиялық жағдайды иеленген.

Қостанай облысы Қазақстан Республикасының төрт облысымен (Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік-Қазақстан) және Ресей Федерациясының үш облысымен (Орынбор, Челябі, Қорған) шектеседі.

Облыстың Ресей Федерациясымен шекарасының ұзындығы 1 417 км құрайды.

Өңірдің аумағы 196 мың ш.км. құрайды (Қазақстан аумағының 7,7%).