Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Компанияны тіркеу

Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.

Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады («Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңының 3-бабы (бұдан әрі – «Тіркеу туралы заң»)).

Заңды тұлғаны құру үшiн ең алдымен мыналар қажет:

- заңды тұлғаны құрудың ұйымдастыру-құқықтық нысанын анықтау;

- құрылатын компанияның қандай кәсiпкерлiк субъектiсi санатына жататынын анықтау;

- егер заңды тұлғаның қызметiнiң мәнi қаржылық қызметтер атқару болатын болса, қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң рұқсаты қажет (Тіркеу туралы заңның 6-бабы);

- Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады (Тіркеу туралы заңның 6-бабы); - егер заңды тұлғаның құрылтайшысы / қатысушысы шетел адамы болса, «С5» бизнес-көшір келуші визасын алу, «Бизнес-көшіп келуші ретінде келуге виза алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады» («Халықтың көші-қоны туралы» ҚР заңының 40-бабы 2-тармағы); - қызмет түріне қарай басқа да рұқсаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.

Заңды тұлғаны тіркеу үшін қажетті құжаттар «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № бұйрығымен бекітілді.

Заңды тұлғаны онлайн тіркеу (https://egov.kz/cms/kz)

Заңды тұлғалардың түрі және нысандары

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 34-бабы 2- тармағы).

Мемлекеттік тіркеу тәртібі Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғаларын, сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу үшін тіркеуші органға:

1) басқа да белгіленген нысандар бойынша өз қызметін Үлгі жарғы – өтініш негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін белгіленген нысандағы өтініш;

2) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.

Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше белгiленбесе, ағымдағы заңнамамен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:

1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге;

2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжаты қазақ және орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.

Заңнамада көзделгендерден басқа қандай да бір құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен Интернет желісі арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуі мүмкін. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы басталғаны туралы хабарлама береді. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.

Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

- құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

- нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік субъектілердің санаттары

Заңды тұлғаны тіркеу кезінде жұмысшылардың болжамды орташа жылдық санын және кәсіпкерлік субъектінің орташа жылдық кірісн қарастыру қажет.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, оралмандар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері) кәсіпкерлік субъектілері болып табылады (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 23-б. 1-тармағы). Жұмыскерлердің жылдық орташа санына және жылдық орташа кіріске қарай кәсіпкерлік субъектілері мынадай санаттарға жатқызылады: шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері; орта кәсіпкерлік субъектілері; ірі кәсіпкерлік субъектілері (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-б. 1-тармағы): - микрокәсіпкерлік - 15 адамға дейін / 30 000 АЕК дейін; («2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңының 7-бабына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 2 269 теңге мөлшерінде белгіленді); - шағын кәсіпкерлік - 100 адамға дейін / 300 000 АЕК дейін; - орташа кәсіпкерлік - 100 -250 адамнан бастап / 30 000-дан 3 000 000 АЕК дейін; - ірі кәсіпкерлік – 250 адамнан жоғары / 3 000 000 АЕК жоғары (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-б. 3, 5-6-тармақтары)

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн санаттарға жатқызу:

- мемлекеттік статистика;

- мемлекеттік қолдау көрсету;

- Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де нормаларын қолдану мақсаттары үшін пайдаланылады (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-б. 2-тармағы).

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:

- шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралының немесе осы салада қызметiн жүзеге асыратын меншік иесі – заңды тұлғаның акцияларының (үлесiнiң, пайлардың) 20 пайызынан астамын тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына;

- шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың магистральдық байланыс желілерін Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай басқаруына немесе пайдалануына;

- басқару орталығы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан байланыс желiлерiн оның аумағында құруға және пайдалануға; - байланыс және ақпарат саласындағы уәкiлеттi органның, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарының келiсiмiнсiз, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде байланыс желісін иеленушi және (немесе) оларды басқару немесе пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы ұйымның дауыс беретiн акцияларының, сондай-ақ үлестерiнiң, пайларының 10 пайызынан астамын жеке және заңды тұлғалардың дербес немесе тұлғалар тобы құрамында сатып алуына немесе өзгеше меншiкке алуына;

- ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген, байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті органның қорытындысына негізделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң шешімінсіз қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретiнде телекоммуникациялар саласындағы қызметтi жүзеге асырушы, жер бетiндегi (кәбілдік, оның iшiнде талшықты-оптикалық, радиорелелiк) байланыс желілерін иеленуші заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының, сондай-ақ үлестерiнiң, пайларының жиынтығында 49 пайыздан астамын шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың тiкелей және (немесе) жанама түрде иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады («Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы заңының 23-б. 6-тармағының 3), 7)-тармақшалары).