Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Инвестициялық субсидия

1. Жалпы ақпарат:

Инвестициялық субсидия – бұл инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының бірі.

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 29-бабы 1-тармағына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге және инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестициялардың жүзеге асырылуын көздейтін инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарымсыз негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидияның түрі инвестициялық субсидия болып табылады.

Аймақтық дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі.

2. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың шарттары мен мерзімі

Инвестициялық субсидия Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық субсидия беру үшін айқындаған басым қызмет түрлері бойынша беріледі. 

Инвестициялық субсидия инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделген қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдықты сатып алу құнының отыз пайызына дейін өтеу арқылы беріледі.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының және жабдықты сатып алудың іс жүзіндегі шығындары бойынша инвестициялық субсидияны төлеу растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайды.

Мыналар инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар болып табылады: 

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген алғашқы есепке алу құжаттары; 

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар; 

3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар.

Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемдері инвестициялық келісімшарт шеңберінде кемінде үш жыл, бірақ инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге инвестициялық субсидияны тең үлестермен бөлу арқылы белгіленеді. 

Инвестициялық субсидияны төлеу инвестициялық келісімшартта белгіленген өндірістік көрсеткіштер орындалған жағдайда өндіріс толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін жобаның іске асырылу жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша жүзеге асырылады. 

Инвестициялық субсидияны беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Қажетті құжаттар тізімі:

1. Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 292-бабына сәйкес келесі құжаттарды қоса тіркеумен Комитетке инвестициялық преференциялар беруге өтінімді жiбередi:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар; 

2) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

3) «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы  №1133 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

4) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар.

Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ұсынады.

4. Белгілі бір мемлекеттік қолдау шарасы үшін жауапты ұйымдардың байланыс деректері:


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвесторларға қызмет көрсету орталығы
Тел./факс: +7 (7172) 98 36 25Б
Call-Center: +7 (7172) 98-36-78
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28
«Kazakh Invest» АҚ аймақтық өкілдігі

Аманбаев Ильяс

Аймақтық директор
+7 708 832 31 68
Қостанай, Әл-Фараби даңғылы, 65 үй. 1010
5. Законодательная база: