Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Инвестициялық преференциялар

Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.

Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.

Инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін, инвестициялық келісімшарттарды жасау және олардың орындалуына бақйлау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, инвестициялық, басым инвестициялық және арнаулы инвестициялық жобаларға арналған инвестициялық преференциялар берудің тәртібі көзделген.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн келесі атаулы сипаттағы артықшылықтар инвестициялық преференциялар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларына;

2) инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде технологиялық жабдықты инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импорттайтын лизингілік компанияларға.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысуымен құрылған заңды тұлға.

Инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

1) кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату;

2) мемлекеттiк заттай гранттар - мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне (жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандар) салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз пайызынан аспайды.

Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

1) салықтар бойынша преференциялар:

- корпоративтік табыс салығы;

- жер салығы;

- мүлік салығы;

2) инвестициялық субсидия;

3) кедендiк баждар және импортқа қосылған құн салығын салудан босату;

4) мемлекеттiк заттай гранттар.

Арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар (бұдан әрі – арнайы инвестициялық жоба үшін инвестициялық преференциялар) түрінде:

- ввозными таможенными пошлинами;

- налогами в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

Инвестициялық жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенiн білдіреді.

Инвестициялық басым жоба деп:

- жаңа өндірістерді құру бойынша, заңды тұлғаның жаңа өндірістік объектілердің (фабрика, зауыт, цех) құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін;

- жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша, заңды тұлғаның негізгі құралдарды өзгертуге, оның ішінде өнім шығаратын істеп тұрған өндірістік қуаттарды жаңартуға (реновациялау, реконструкциялау, жаңғырту) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруын көздейтін инвестициялық жоба түсініледі.

Заңды тұлға жаңа өндірістерді құру және (немесе) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық басым жобаны тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін белгiлi бiр басым қызмет түрлерi бойынша жүзеге асырады.

Арнайы инвестициялық жоба деп арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойманы иеленуші ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған және (немесе) іске асыратын инвестициялық жоба не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған жоба түсініледі.

БЕРУ ШАРТТАРЫ

Инвестициялық преференциялар тек Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерi бойынша инвестициялық жобаны iске асыруды жоспарлаған қазақстандық заңды тұлғаларға ғана берiледi. Басым қызмет түрлерiнiң тiзбесi екі бөліктен тұрады: 1-бөлігі – инвестициялық жобаларға арналған қызмет түрлерінің тізбесі; 2-бөлігі – инвестициялық басым жобаларға арналған қызмет түрлерінің тізбесі. Преференциялар берудің кеңейтілген шарттары тек инвестициялық басым жобалар үшін ғана көзделген, алайда инвестициялық жобалар үшін негізгі және жалғыз шарт алушыда Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мәртебесінің болуы, ал арнаулы инвестициялық жобада тек арнаулы экономикалық аймақтардың қатысушылары, бос қоймалардың иелері және моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау туралы келісім жасаған заңды тұлғалар ғана алушы болуы мүмкін.

Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде беріледі:1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы алушы болып табылады;

2) заңды тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген (жаңа өндірістерді құру бойынша) немесе бес миллион еселенген (жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша) мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асырады;

3) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерiн жүзеге асырады;

4) заңды тұлға:

- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес дербес білім беру ұйымы;

- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайды;

5) мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің – Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі үлесі жиырма алты пайыздан аспайды.


Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің – Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.


Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады.

6) лизингтік қаржыландыруды және кредит беруді қоса алғанда, қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық шарттарымен бөлінетін ақшаны қоспағанда, инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмайды;

7) инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылады.