Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Тау-кен металлургиялық кешен

Аймақтың жоғары өндірістік әлеуеті бар және қазіргі таңда тек қана аграрлық қана емес, сонымен қатар өнеркәсіптік аймақ болып табылады. Шамамен 45 адам адам жұмыс істейтін 700-ден астам кәсіпорын облыс бойынша өнеркәсіптік өнімнің өндірісімен айналысады.

Кен өндіру секторы аймақтың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде 40% астам алады. Қостанай жерінің қойнауында пайдалы қазбалардың 35 түрі, оның ішінде: боксит, асбест, темір, кобальт, никель, алтын, мыс, молибден және басқалары табылды. 

Облыста республиканың 60% жоғары темір кен өнімі, 100% темір кен шекемтастары және асбест өндіріледі.

«ССТКӨБ» АҚ, «Варварин» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, Лисаков қ. «Өркен» ЖШС-нің филиалы, «Қазақстан Алюминиі» АҚ-ның КБКБ мен ТБКБ филиалдары және басқалар тау-кен өндіру саласының негізін құрайды.

Қара және түсті металлургия өнімдерінің өндірісі Қостанай облысына және тұтас елге басым болып табылады, бұл экономиканың осы секторы үшін үлкен мемлекеттік қолдау шараларының санымен расталады.

Қазіргі таңда аймақта жер қойнауын пайдаланудан 69 кен орны бос:

- 38 кең таралған пайдалы қазба;

- 31 қатты пайдалы қазба.

Аймақ үшін тау-кен металлургия саласында ең басым бағыттар:

Болат өндіру және құю;

Болат илегін өндіру;

Асыл (бағалы) металдарды, мысты өндіру және құю;

Жеңіл металдарды өндіру және құю;

Басқа да түсті металдарды өндіру және құю болып табылады.