Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Бизнестің жол картасы 2025

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша кепілдік беру

1. Жалпы ақпарат:

    Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2 бағыт бойынша банк несиелеріне жеке кепілдік беру түрінде мемлекеттік қолдау беріледі:

1) Моноқалалар мен ауылдық елді мекендердің салалық шектеулерсіз ісін жаңа бастаған, іске асыратын кәсіпкерлерінің «жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бағыты;

2) экономиканың басым секторларында, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді «салалық қолдау» бағыты.

    Қаржыландыру сомасы: 

- Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін несиенің ең жоғары сомасы 20 млн. теңгеден аспауы тиіс, кепілдік мөлшері несие сомасының 85%-ынан жоғары болмауы тиіс.

- Бағдарламаның бағытына байланысты, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін несиенің ең жоғары сомасы 180 млн. теңгеден 360 млн. теңгеге дейін, кепілдік мөлшері несие сомасының 50%-на дейін.

2. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың шарттары мен мерзімі

Ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық және банктің 5 %-ға ұлғайтылған сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын несиелер бойынша жүзеге асырылады.

    Несие бойынша кепілдік беру мерзімі 5 жылға дейін.

3. Қажетті құжаттар тізімі:

Екінші деңгейлі банктердің талаптарына сәйкес.

4. Белгілі бір мемлекеттік қолдау шарасы үшін жауапты ұйымдардың байланыс деректері:

Қостанай облысының «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры
+7 714 299 03 00
+7 714 299-03-05
+7 714 244 55 77
1408
Қостанай, Әл-Фараби даңғылы, 65, 1-қабат.
«Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ
+7 714 2 90 20 50
Қостанай, ул. Тәуелсіздік,85
5. Законодательная база: