Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Кеден баждарын төлеуден босату

1. Жалпы ақпарат

Инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.

Лизингтік компания инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықтың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылады.

Технологиялық жабдық деп инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі.

Жинақтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөлiктер түсініледі.

Шикізат және (немесе) материал деп кез келген пайдалы қазба, компонент, бөлшек немесе технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын өзге де тауар түсініледі.

2. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың шарттары мен мерзімі

Арнайы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде кедендік әкелу баждарын салудан босату: 

1) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларға он бес жыл, бірақ арнайы экономикалық аймақтардың әрекет ету мерзімінен аспайтын мерзімге; 

2) еркін қоймалар иелеріне, арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге; 

3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына арнайы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

3. Қажетті құжаттар тізімі:

1. Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 292-бабына сәйкес келесі құжаттарды қоса тіркеумен Комитетке инвестициялық преференциялар беруге өтінімді жiбередi:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар; 

2) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

3) «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы  №1133 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

4) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар.

Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде салықтар бойынша преференциялар және (немесе) инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жобалау алдындағы және (немесе) жобалау құжаттамасына заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ұсынады.

4. Белгілі бір мемлекеттік қолдау шарасы үшін жауапты ұйымдардың байланыс деректері:


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвесторларға қызмет көрсету орталығы
Тел./факс: +7 (7172) 98 36 25Б
Call-Center: +7 (7172) 98-36-78
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28
«Kazakh Invest» АҚ аймақтық өкілдігі

Аманбаев Ильяс

Аймақтық директор
+7 708 832 31 68
Қостанай, Әл-Фараби даңғылы, 65 үй. 1010
5. Законодательная база: