Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Облыстың туристік әлеуеті

Аграрлық-индустриалдық бағытына қарамастан, облыста туризмнің кейбір түрлерін дамытудың алғышарттары бар.

Осылайша, өңірде шамамен 300 ұсақ өзен және 5 мыңнан астам көл, 100 аң шаруашылықтары мен 144 балық су қоймаларын пайдаланушылар орналасқан, олар аңшылық және балық аулау сияқты туризм түрлерін дамытуға ықпал етеді. 

Облыстағы аң шаруашылықтарының жалпы алаңы – 17 215 мың гектар.

Науырзым қорығының, Қарабалық резервінің, «Алтын дала» резерватының қол тимеген табиғатының байлығы экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ облыста 725 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, оның ішінде 29 сакралды орындар (19 локалдық, 10 жалпыұлттық маңызы бар) мәдени-танымдық демалыс туристік маршруттарына енгізілуі мүмкін.

Кең байтақ жер, табиғи сан түрлі ландшафттар, су қоймаларының жағаларында демалыс базалары мен қонақ үйлердің болуы демалыс күнінің турларын ұйымдастыруға өте қолайлы жағдайлар жасайды.

Облыс аумағында 5 санаториялық-сауықтыру мекемесі, оның ішінде 2 санаторий,1 мамандандырылған санаторий, 1 профилакторий, 1 оңалту орталығы бар. аталмыш объектілердің болуы сауықтыру туризмін дамыту үшін алғышарттар жасайды.

Санаторийлердің бір бөлігі минералды су мен сульфат-сілті балшығы бар көлдердің, ауасы таза қарағай орманының аумағында орналасқан. Санаторийлер көптеген емдік, диагностикалық және алдын-алу қызметтерін, сумен- және балшықпен емделу, климатотерапия, сонымен қатар сан түрлі ойын-сауық және спорттық-сауықтыру қызметтерін көрсетеді.