Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Инвестициялар тарту

Инвестициялар тарту.

Инвестициялар тарту – Қостанай облысын дамытудың басым бағыты.

Қостанай облысының әкімшілігі инвесторларға мыналарға кепіл береді: 

- инвестициялық жобаны табысты іске асыру тиімді жағдайлар жасау;

- жобаны іске асырудың барлық сатыларында максималды қолдау көрсету;

- мәселелерді жедел шешу, үдерістердің ашықтығы, ашық диалог.

2017 жылы өңірдің инвестициялық жобалары мен алаңдары, сонымен қатар қол жетімді инфрақұрылым мен пайдалы қазбалардың бар екендігі жөнінде ақпарат енгізілген облыстың интерактивті инвестициялық картасы әзірленіп, пайдалануға берілді. Картадағы барлық ақпаратты үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде www.map.invest.kostanay.gov.kz сайтынан алуға болады.

Бүгінгі күні картада көрсетілген объектілер (жобалар, алаңдар және жер учаскелері) жөніндегі ақпарат инвесторға негізгі өлшемдерді нақты суреттейді: орналасқан орны, алаңы, жол және инженерлік инфрақұрылымының болуы, бос және қол жетімді қуат көздері және инженерлік инфрақұрылымға қосылу нүктелері туралы мәлімет және т.б.

Өңірде әлеуетті инвесторларға қолдау көрсету және жүйелік кедергілер мен проблемалы мәселелерді қарау үшін Инвесторларды тарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) жұмыс істейді. Кеңестің отырыстарында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі мәселелер, жобалар мен облыс кәсіпорындарының проблемалы мәселелері қаралады, сонымен қатар Қостанай қаласының Индустриалдық аймағында орналастыру үшін инвестициялық жобаларды таңдай тәртібі қабылданған.

Өңірге жаңа инвестициялар тарту және шағын, орта бизнесті дамыту мақсатында «Қостанай» индустриалдық аймағы құрылды.

Индустриалдық аймақ Қостанай қаласының шекарасында өндіріс аумағында (солтүстік-батыс) қолданыстағы машина құрылыс зауытының жанында орналасқан. Учаскесінің алаңы – 400 га.

Өндірісті ИА аумағында орналастырған кезде Өтініш берушіге жалға беру шартында инфрақұрылымы өткізілген жер учаскесі беріледі.

Әзірленген ИА дамыту концепциясына сәйкес, оның аумағында машина құрылысы, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарының өндірісі, құрылыс материалдары мен конструкциялар өндірісі, тамақ және жеңіл өнеркәсіп және басқа да қайта өңдеу салаларындағы экономика секторының кәсіпорындарын орналастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар индустриалдық аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін, оның ішінде өңірді дамыту үшін индустриалдық аймаққа Арнаулы экономикалық аймақ (АЭА) мәртебесін беру мәселесі қаралуда.

Қазақстан Республикасының салық, кеден, жер заңнамасына сәйкес, АЭА қатысушылары үшін келесі жеңілдік түрлері көзделген:

- корпоративтік табыс салығын төлеуден босату;

- жер салығын төлеуден босату;

- мүлік салығын төлеуден босату;

- импорттық тауарларға ҚҚС төлеуден босату;

- кеден баждарынан босату;

- жобаны іске асыру үшін 10 жыл мерзімге тегін жер учаскесі беріледі.

Өңірде инвесторларды тарту және қолдау бойынша аймақтық кеңсе бар. Бұл орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Алдыңғы кеңседе жергілікті атқарушы органдардың мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалы, «KazakhInvest» ҰК» АҚ аймақты қөкілдігі, «Атамекен» ѳңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және көші-қон қызметтерінің және салық органдарының өкілдері.

Сондай-ақ, «бір терезе» негізінде қызмет көрсету үшін облыста Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және облыстың Кәсіпкерлер палатасының негізінде құрылған жылжымалы кәсіпкерлікті қолдау орталығы бар. Сонымен қатар, облыстың қалалары мен аудандарында кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істейді.