Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Қолайлы инвестициялық климат

Қостанай облысы Қазақстанның қарқынды дамушы өңірлерінің бірі болып табылады.

Облыстың маңызды экономикалық, өнеркәсіптік әлеуеті, тауарлар мен қызметтерді өткізудің үлкен нарығы, дамыған автомобиль және темір жол желісі, жоғары білікті кадрлары және т.б. бар.

Қарқынды дамып келе жатқан экономика қолайлы іскерлік климаттың маңызды факторы болып табылады: облыстың соңғы 10 жылдағы жалпы өңірлік өнімі 5 есе өсті.

Қазіргі уақытта облыс кәсіпорындарының сыртқы экономикалық байланыстарының географиясына 80 мемлекет кіреді.

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында облыстың сыртқы сауда айналымы 2276,2 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (2 011,0 млн. доллар) 13,2% көп.

Облыстың өнімдері негізінде Қытайға, Германияға, Ресей Федерациясына, Швейцарияға, Украинаға, Белоруссияға, Өзбекстанға және әлемнің басқа да елдеріне экспортталады.

Мейілінше ірі импорттық өнім жеткізушілері Ресей Федерациясы, Жапония, Қытай, Германия және басқалар.

Инвестициялар тарту және өңірдегі инвестициялық үдерісті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау Қостанай облысының экономикалық саясатының негізгі басымдығы болып табылады. Соңғы бірқатар жылда инвестициялық қызметті қолдау жүйесін құру және инвестициялық климат жасау жөнінде ауқымды жұмыс жүргізіліп, инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың құралдары мен тетіктері әзірленді.

Бүгінгі күні Қостанай облысында машина жасау кластері құрылуда. Бұл жобаны іске асырудағы серіктестер Peugeot, Iveco, SsangYong, Hyundai, Jac және Geely компаниялары.