Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Агроөнеркәсіп кешені

Қостанай облысы республикамыздың диханшы облыстарының бірі болып табылады және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне зор үлес қосады. Облыста 6 701 агроқұрылым тіркелген.

2019 ж. ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылымы 390 995,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде: 

- мал шаруашылығы - 390 995,2 млн. теңге;

- өсімдік шаруашылығы – 257 091,3 млн. теңге.

Өсімдік шаруашылығы

Бос емес ауылшаруашылық алқаптарының ауданы 18,1 млн.га, оның ішінде 6,1 млн.га егістік, топырақтың орташа бонитеті 30-50 балл.

Өңір Қазақстандағы ірі бидай өндіруші болып табылады. Ол елімізде өндірілетін астықтың төрттен бір үлесін қамтамасыз етеді.

2019 жылы 3,0 млн.тонна астық пен 258 мың тонна майлы дақылдар өндірілді, ауыл шаруашылық өнімінің өндіріс көлемі 1 млрд. АҚШ долларын құрады.

Экспортқа шығарылатын негізгі өнімдер: бидай, ұн, майлы дақылдар:

- бидай ұны – 907,5 мың тонна (Афганистан, Узбекистан, Туркмения, Таджикистан, Киргизия);

- зерно – 1,048,6 мың тонна (РФ, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Иран).

- зығыр майының тұқымдары – 89,4 мың тонна (Ауғанстан, Польша, Германия);

- рапс тұқымдары – 9,9 мың тонна (Моңғолия, Тәжікстан); 

- бұршақты көкөністер (жасымық) – 59,5 мың тонна (Ауғанстан, Түркия, Тәжікстан, Испания).

Сонымен қатар өңірдің өсімдік майын және оның фракцияларын, ет және сүт өнімдерін өндіру әлеуеті бар.

Өңір үшін агроөнеркәсіп кешеніндегі мейілінше басым бағыттардың бірі: дәнді-дақылдарды қайта өңдеу, оның ішінде терең қайта өңдеу, майлы дақылдарды қайта өңдеу, азық өндірісі және басқалар.

Мал шаруашылығы

Облыста 462,0 мың бас ірі қара мал бар, оның ішінде сиырлар – 215,2 мың бас; шошқалар – 165,8 мың бас; жылқы – 122,9 мың бас; қой - 377,2 мың бас; ешкі – 86,4 мың бас; құс – 4 266,8 мың бас. 

Барлық меншік нысанындағы шаруашылықтар: тірі салмақта 97,9 мың тонна ет, 418,7 мың тонна – сүт, 643,8 млн.дана жұмыртқа өндірді.

Облыстың бірегей ауылшаруашылық ресурстары бар, ал географиялық орналасуы жанжақты, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.