Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Агроөнеркәсіп кешені

Агроөнеркәсіп кешені-облыс экономикасының базалық секторларының бірі.

Жұмыспен қамтылған ауыл шаруашылық алқаптарының көлемі 10,5 млн. га құрайды, оның ішінде 6 млн.га егістік, топырақтың орташа бонитеті 30-50 балл.

Аймақ Қазақстанның ең ірі астық өндіруші болып табылады. Оның үлесіне елдегі өндірілген астықтың төрттен бір бөлігі келеді.

Ауыл шаруашылығы құрылымында өсімдік шаруашылығына жалпы өнімнің 68,3% - ы келеді. Егіс алқаптарының 79% - ы дәнді және бұршақты дақылдарға тиесілі.

Майлы дақылдардың егістік алқабы соңғы 10 жылдың ішінде 7,8 есеге өскені байқалады. 2018 жылы 5,0 млн.тонна астық және 355 мың тонна май тұқымы өндірілді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің жалпы көлемі 1 млрд. АҚШ құрады.

Негізгі экспорттық өнімдер: астық, ұн, майлы дақылдар болып табылады:

- бидай ұны-907,5 мың тонна (Ауғанстан, Өзбекстан, Түркмения, Тәжікістан, Қырғызстан);

- астық-1,048,6 мың тонна (РФ, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Италия, Иран).

- зығыр тұқымы-89,4 мың тонна (РФ, РБ, Ауғанстан, Бельгия, Польша, Германия);

- рапс тұқымы-9,9 мың тонна (Моңғолия, Тәжікстан);

- бұршақты көкөністер (жасымық) 59,5 мың тонна (Ауғанстан, Түркия, Тәжікстан, Испания).

Сонымен қатар, аймақ өсімдік майын және оның фракцияларын, ет және сүт өнімдерін өндіру бойынша әлеуетке ие.

Аймақ үшін агроөнеркәсіп кешеніндегі ең басымды бағыттар:

дәнді дақылдарды қайта өңдеу оның

ішінде терең өңдеу;

майлы дақылдарды қайта өңдеу;

құрама жем өндірісі;

ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында өзге де өнімдер өндіру.