Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Азық-түліктер өндірісі
Азық-түліктер өндірісі Қостанай облысының экономикасында ең басым бағыттардың бірі болып табылады.
Аймақтың негізгі азық-түліктерінің арасында ұн, кондитерлік, сүт және шұжық өнімдері сияқты азық-түліктерін атап кетуге болады.
«Қостанай ұн тарту комбинаты» АҚ, «Асалия» ЖШС, «Romana-Нан» ЖШС, «Бест – Қостанай» ЖШС ұн және макарон өнімдерінің, «Баян-Сұлу» АҚ кондитерлік өнімдердің ең ірі өндірушілері болып табылады, «ДЕП» ЖШС, «МИЛХ» ЖШС, «Садчиковское» ЖШС, «Лидер-2010» ЖШС сүт өнімдерін өндіреді, «Қарасу-Ет» ЖШС, «Разумович» ЖШС және басқалар ет және шұжық өнімдерін, «Арасан» фирмасы» ЖШС, Рудный қаласындағы «Арасан» фирмасы» ЖШС филиалы, «Аква-Арасан» ЖШС, «Алтын Өмір» ЖШС сыра және алкогольсыз өнімді өндіреді.

Өндірілетін өнімнің экспорттық жеткізілуінің жүзеге асырылуы аймақтың сыртқы экономикалық және сауда қызметінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Бүкіл азық-түліктердің төрттен бірі Қостанай облысына келеді.
Ұнның экспорты бойынша облыс елде жетекші орынға ие. Бұл ретте азық-түліктердің экспорты бойынша аймақтың әлеуеті толығымен іске асырылмаған.
Экспорт бойынша мүмкіндіктер мынадай (деректер/жылына):
Ұн – 2 млн. тонна;
Макарон өнімдері – 15 мың тонна;
Өсімдік майы – 8 мың тонна;
Ет – 3 мың тонна;
Кондитерлік өнімдер – 30 мың тонна.

Аймақ үшін азық-түліктердің өндірісі саласында ең басым бағыттар:
Сүт және сүт өнімдерін өндіру;
Нан-тоқаш өнімдерін өндіру;
Шұжық өнімдерін және ет өнімдерін өндіру;
Кондитерлік өнімдерді өндіру;
Ет бағытындағы құс өсіру, оның ішінде құс еті;
Макарон өнімдерін өндіру;
Кеспені өндіру болып табылады.