Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Машина жасау

Машина жасау кез келген индустриалдық тұрғыдан дамыған мемлекеттің ең маңызды саласы болып табылады. Түрлі жабдық, машиналар, білдектер, құралдар, сондай-ақ халыққа арналған тауарларды өндіріп, машина жасау агроөнеркәсіптік қызметтің, энергетикалық және металлургиялық секторлардың, көліктің және экономиканың басқа да маңызды салаларының тұрақтығын қамтамасыз етеді.

Облыс пен республика үшін машина жасау саласындағы жаңа сала – автомобиль жасау. Қазіргі таңда, оған аймақтың өңдейтін секторы өндірісінің төрттен бір көлемі тиесілі.

Тоғыз ірі әлемдік автомобиль брендтерімен ынтымақтасудың арқасында, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кәсіпорнымен шығарылатын өнімнің түрлері кеңейтілді. Қазіргі кезде компания JAC, Peugeot, Hyundai, Ravon, Niva Chevrolet жеңіл автомобильдерінің, сондай-ақ IVECO, Ankai, Man,  коммерциялық техниканың өндірісін жүзеге асырады.

Аллюр компаниялар тобының капиталына СМС қытай инвесторының кіруімен осы салада қарқынды өсім күтілуде. Таяудағы перспективада оқшаулаудың жоғары деңгейімен жылына 70 мыңға дейін автомобиль шығару жоспарланып жатыр.

Машина жасау саласындағы басқа компания «Агромаш Холдинг KZ» АҚ болып табылады. Компания «ESSIL» маркалы астық жинайтын комбайндардың өндірісін жүзеге асырады және ҚР территориясында «Гомсельмаш» ААҚ өнімінің эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады. Комбайндардағы жергілікті қамту үлесі шығарылатын тораптар бойынша 100% және дайын комбайндарда 60% жетеді.

Қазіргі кезде кәсіпорын CNH шетелдік серіктеспен бірге ТС сериялы New Holland астық жинайтын комбайндарды шығару жөніндегі жобаны іске қосып жатыр.

Бұдан басқа, тракторларды және басқа да құрал-саймандар мен агрегаттарды шығару жобасын іске асыру бойынша белсенді жұмыс өткізіліп жатыр. Елдің барлық егін егетін аймақтарында 8 филиалы мен 11 өкілдігі бар компанияның сервистік-өткізу желісі бар.

Аймақта автомобиль кластерін құру мақсатында, жобаларды, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыру үшін шетел компанияларын тарту мәселесі пысықталып жатыр.

Машина жасау саласында ең басым бағыттар:

Автомобильдерді және оларға компоненттерді өндіру;

Ауылшаруашылық техниканы өндіру болып табылады.