Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Мұражайлар
«Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы» КММ
Тәуелсіз Қазақстанмен бірге алғашқы қадамын жасаған «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы» КММ қазақ мәдениеті тарихында ерекше орын алатын Ұлы педагог, ғұлама ағартушы, жазушы, қоғам қайраткері, жаңашыл ұстаз, публицист, ғалым-этнограф, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі, ақын және прозашы Ыбырай Алтынсариннің бай мұрасын дәріптейтін мәдени орталық.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі - Қазақстандағы байырғы музейлердің бірі, іргесі 1915 жылы қаланған. Музей қала ортасында ХХ ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші болып табылатын ғимаратта орналасқан. Жітіқара ауданының Тоқтаров ауылындағы секторымен Жітіқарада өкілдігі бар. Сонымен бірге музей құрамына Қостанай қаласы Алтынсарин көшесі, 113 мекенжайында орналасқан бейнелеу өнері бөлімі кіреді.