Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
«Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы» КММ
Тәуелсіз Қазақстанмен бірге алғашқы қадамын жасаған «Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы» КММ қазақ мәдениеті тарихында ерекше орын алатын Ұлы педагог, ғұлама ағартушы, жазушы, қоғам қайраткері, жаңашыл ұстаз, публицист, ғалым-этнограф, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі, ақын және прозашы Ыбырай Алтынсариннің бай мұрасын дәріптейтін мәдени орталық.

Музей Ұлы ағартушының туғанына 150 жыл толу құрметіне 1991 жылы16 қазанда ашылды. Осы сәнді, шығыс стилі үлгісінде салынған ғимарат қаланың тарихи-архитектуралық жеріндегі 1884 жылы педагог-ағартушы іргесін қалаған Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің   жанында орналасқан. Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Бақтыбекұлы Оспанов.  

Музей ғимараты 888,1 шаршы метрді алып жатыр және  екі қабаттан   тұрады, бір бөлігі Алтынсарин мектебінің көшірмесі тәрізді салынған.    Жалпы көлемі 351,5 шаршы метрді құрайтын экспозициялық алаң 2 залдан тұрады. Экспозиция Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық, ғылыми, қоғамдық қызметі, шәкірттері мен ізбасарлары туралы бай деректерімен назар аударады.  Ал, Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған төсекқабы мен  «Шариат-ұл-Ислам» кітабының түпнұсқасы  музей қорының баға жетпес жәдігерлері болып табылады.

Музей медиаэкран, екі тілде ақпарат беретін мультимедиялық жолсерік пайдаланылады.        

Байланыстар:

Мекен-жайымыз: Қостанай обл., Қостанай қ., Алтынсарин  көшесі 118-А, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Телефон: 

Директордың қабылдау бөлмесі: 8 (7142) 54-58-17, 8 (7142) 39-11-74

Анықтама: 8 (7142) 50-30-30

Сайт: http://altinsarin.kz

Instagram: https://www.instagram.com/muzeialtynsarin/

Е-mail: muzei_altynsarin@mail.ru