Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
«Селена» демалыс орталығы
«Селена» демалыс орталығы көркем орман массивінде орналасқан және тамаша көлі бар.

Демалыс орталығының аумағында қарапайым нөмірлері бар үш бірқабатты жазғы корпустар орналасқан. Барлық бөлмелер төсек орны бар кереуеттермен, тумбалармен, орындықтармен, киім ілгіштермен жабдықталған. Кереуеттер саны 3-тен 6 керекетке дейін. Корпустың жалпы сыйымдылығы 30 адам.

№3 бірқабатты корпуста отбасылық үлгідегі төрт нөмір орналасқан. Бұл 2-4 адамға арналған ыңғайлы нөмірлер. Нөмірлер жиһазбен жабдықталған, теледидар, тоңазытөыш, қысқа толқынды пеш, электрлі құман, ыдыс-аяқ бар. екі нөмірде шағын-саунасы бар.

Екіқабатты корпус – қонақ үйде 11 абаттандырылған стандартты нөмірлер мен бір отбасылық нөмір орналастырылған. Барлық нөмірлер сантораппен, жиһазбен, төсек орынмен, тледидармен жабдықталған. Душ бөлмелері бар.

Демалыс орталығының аумағында жабдықталған орындар:

- пикникке арналған мангалдар;

- демалуға арналған шатырлар;

- алтыбақаны бар балалар алаңы;

- спорт алаңдары: футбол алаңы, волейбол алаңы;

- көл және жағажай, жатын орындары мен душы бар;

- футбол ойнауға арналған шағын алаң;

- тірі бұрыш.

Жазғы дәмханада сіздің тапсырысыңыз бойынша әзірленген дәмді кәуаптан, сонымен қатар мәзір бойынша ұсынылатын кез келген тағамдардан дәм татуға болады, салқын сусындардың кең талғамы, балмұздақ және шоклолад бар.

Сатылымда кәуап әзірлеуге арналған ағаш көмір бар.

Тұру және болу құнына кешенді түскі ас енгізілген.

Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Щербаков кенті.

8 (7142) 545-872, 541-252, +7-701-979-83-40, +7-701-979-83-27