Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
«Сосновый Бор» шипажайы
«Сосновый Бор» шипажайы - қалпына келтіру, емдеу, үйлесімділік пен өміршеңдікті қалпына келтіру.

Орналасқан орны: «Сосновый Бор» климатобальнеологиялық шипажайы Қазақстан Республикасының солтүстік өңірінде, Қостанай қаласынан 45 км қашықтықта, - Арақарағай орман шаруашылығының курорттық көркем аймағында орналасқан. Шипажайға Қостанай қаласының вокзалынан арнаулы шағын автобуспен немесе таксимен жетуге болады.

Орналасуы: Шипажайдың 316 орынға арналған 7-қабатты тұрғын корпусы, сонымен қатар 40, 9 және 25 нөмірге арналған өзге қолайлы корпустары бар. Нөмірлері класстар бойынша ерекшеленеді, стандарт класындағы нөмірлер бар, одан кейін 3 класс, 2 класс және ең қолайлы нөмірлер олар – 1 класс (люкс) нөмірлері. Әрбір нөмір теледидармен, тоңазытқышпен, душ кабинасымен немесе ваннамен жабдықталған.

Емдеу:

Сосновый Бор шипажайында диагностикадан өтетін, алдын алу шаралары қолданылатын және емделетін аурулардың негізгі түрлері – асқазан-ішек жолдары, өкпе, жүрек-тамыр жүйесінің, тірек-қозғалу аппаратының аурулары, зат алмасудың бұзылуы, аллергиялық және тері аурулары, ЛОР аурулары, зәр шығару жүйесінің аурулары.

Емдеу және сауықтыру процедураларын жүргізу үшін 3-қабатты ем-диагностикалық корпус қолданылады, ол қажетті медициналық және диагностикалық аппаратурамен (УДЗ, ФГС, клиника-диагностикалық зертханамен) жабдықталған.

Шипажайда түрлі аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылатын емдеу әдістері: сумен емдеу, балшықпен емдеу, физипроцедуралар, ингаляциялар және спелеотерапия; құрғақ көмірқышқыл ванналар; емдік дене шынықтыру; «Цигун» гимнастикасы; мануалды терапия; массаж; ине-рефлекс терапиясы.

«Сосновый бордың» шипажай-курорттық қызметтері шипажайдың бірегей табиғи емдеу-сауықтыру мүмкіндіктерінің негізінде көрсетіледі. Емдеу кезінде табиғи ресурстар қолданылады – жергілікті көздерден тікелей келетін минералды су және сульфатты-ине емдеу балшықтары. Шипажайдың негізгі емдеу факторы минералды су. «Сосновый Бор» шипажайдың минералды суы өзінің құрамы бойынша әйгілі «Пятигорский» курортының минералды су көздеріне жақын, сонымен қатар «Моршин», «Карловы Вары» және «Есентуки 17» суларының баламасы болып табылады. Әрбір науқаспен дәрігерлер емдеу және сауықтыру шараларын жеке-жеке белгілейді. Шипажай дәрігерлерінің мынадай мамандықтар бойынша сертификаттары бар: терапевт, кардиолог, невропатолог, гинеколог, гастроэнтеролог, мануалды терапевт, физиотерапевт.

Орта медициналық персонал физиотерапия мамандығын меңгерген медбикелермен жинақталған. Демалушыларға емделу курсының ішінде көрсетілетін медициналық процедуралар саны емделушінің негізгі ауруына, ілеспе патологиясына, демалушының жасына, бұдан бұрын қабылдаған еміне, сонымен қатар процедуралардың сыйымдылығына байланысты. Сосновый Борр шипажайында жолдамаға кіретін процедуралардың тізбесімен, сонымен қатар жолдаманың құнына кірмейтін процедуралармен арнаулы бөлімде таныса аласыз.

Тамақтану

Тамақтану 3 рет, құндылығы мен ассортименті дәрігермен тағайындалатын диета нормаларына сәйкес келеді (№№1,3,5,5п,8,9,10с,15 үстелдер).

Демалу

«Сосновый Бор» шипажайы бос уақытты өткізуге көптеген іс-шаралар ұсынады. Минералды суы бар стационарлық бассейн, сонымен қатар жаттығу залы бар спорт залы. Көлдің жағасында орналасқан жайла саунада немесе орыс моншасында жақсылап демалуға болады. Сондай-ақ уақытты еркін және белсенді өткізу үшін Сіздерге жазда – теннис кортын, тау велосипедтерін, катамарандар, қыста – шаңғылар, әуе шанасы; жыл бойы – бильярд, мейрамханалар, кафе-барлар, DVD кинозалы. Шипажайдың жанында балалар бөлмесі жұмыс істейді.

Қостанай қ. 45 км. қашықтықта

Жолдамаларды сату және брондау бөлімі:

+7 (7142) 39 06 05,

+7 (71445) 333 09,

+7 (71445) 333 10,

+7 (778) 733 33 31,

+7 (776) 733 33 31

Қостанай қаласындағы жолдамаларды сату және брондау бөлімі:

+7 (7142) 54 30 04,

+7 (7142) 39 09 09,

+7 (776) 733 33 31

Мекенжайы: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 74, 1а кеңсе