Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Джайляу профилакторий-шипажайы
«Джайлау» шипажайы барлық адамдарға өздерінің бос уақыттарын минералды көлдің жағалауындағы қарағайлы орманның ішінде өткізуді ұсынады. Инфрақұрылымы жақсы дамыған: қонақтардың автокөліктеріне арналған тұрақ, мейрамхана, конференц-зал, ойын-сауық кешені, сауна, бассейн және т.б. бар.

Қостанай қаласының Джайляу профилакторий-шипажайында толық демалу және сауығу үшін қажетті құралдардың барлығы бар. Бұған табиғи емдеу-сауықтыру факторларының арқасында қол жеткізілуде: шипажайдың жанындағы қарағай орманы, емдік фитонцидтерге толы ауа, минералды суы бар көл; емдеудің жаңа медициналық технологиялары – омыртқа мен буындарды компьютерлік тарту аппараты (Қостанай облысында жалғыз, Қазақстанда екінші). Мұндай ем қабылдау кезінде бекітілетін корсет қажет; - тұз шахтасы (ағзаны сауықтырудың бірегей әдісі); - магниттік-инфрақызыл лазерлі терапияның компьютерлік емдеу бағдарламасы; сонымен қатар – Минералды су қабылдау; - Емдеу ванналары: жалпы минералды, йодобромды, антицеллюлиттік; - Емдеу душтары: Шарко душы, циркулярлық душ; - Гидромассаж; - Қолдар мен аяқтарға арналған ванналар; - Кмопьютерлік диагностика; - Физиотерапия: магнитті, лазерлі, ултрадыбыс терапиясы; - Фитобөшке; - Минералды сумен, дәрілік шөптердің қайнатпаларымен ингаляциялар; - Массаж; - ЛФК нұсқаушысының басшылығымен емдік гимнастика; - бассейн; - Аквааэробика; Емделушілерді білікті мамандармен қабылдау, қолайлы және жайлы нөмірлер, ВИП-залдары бар мейрамхана, боулинг, бильярд, минералды көлдің жағасындағы сауналар, фитнес-зал, коньки, шаңғы – осының барлығы адам мен табиғаттың біртұтас екенін, күш-қуат пен ішкі еркіндікті сезінуге жетелейді!

Қостанай қ. 

Щербаков а.

8 (7172) 25-35-40,

8 (7172) 33-10-78,

8 (778) 364 40 88,

8 (777) 039 66 46,

8 (708) 425 35 40,

8 (777) 039 66 46