Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Индустриалдық аумақ - орналастырудың негізгі артықшылықтары мен шарттары

Индустриалдық аймақтың негізгі басымдықтары:

  1. Дайын инженернлік-коммуникациялық инфрақұрылым
  2. Инвестициялық преференциялар алу
  3. Ыңғайлы логистикалық орналасу, т/ж тұйығы, автожолдар
  4. Жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу мүмкіндігі
  5. «Бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды сүйемелдеу
  6. Индустриалдық аймаққа қатысушылардың тауарлары мен қызметтерін жылжыту
  7. Кеңсе және қонақ үй нөмірлерін жалға беру


Объектінің мемлекеттік маңыздылығын ескере отырып, Индустриалдық аймақтың аумағында іске асырылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізудің қажетті шарты жобаны өңір әкімдігінің жанындағы алқа органының мүшелерінің – Қостанай облысындағы инвесторларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі кеңестің қарауы және мақұлдауы болып табылады.


Инвестициялық жобаларды индустриалдық аймақтың аумағында орналастырудың шарттары мынадай:

  1. Өтініш берілген жобаның инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ҚР бекітілген қызметтердің басым түрлері бойынша салалық бағыты
  2. Сұралған жер учаскесінің алаңы – 1 гектардан кем емес
  3. Жаңа жұмыс орындарын ашу –20 жұмыс орыннан кем емес
  4. Жеке және жобаға тартылған инвестициялар көлемі – 200,0 миллион теңгеден кем емес


Жоғарыда көрсетілген Индустриалдық аймақта инвестициялық жобаны іске асыру үшін қойылған талаптарға сәйкес келген жағдайда «Тобыл» ӘКК кеңестің келісімін алуға тапсырудың мақсаттылығы туралы мәселені қарау үшін белгіленген нысандағы өтінім мен материалдар тізбесін жолдау қажет.