Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Қазақ өнерінің қара шаңырағы,қазақтың кәсіби І.Омаров
Қазақ өнерінің қара шаңырағы,қазақтың кәсіби І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының шымылдығы 2000 жылы 14 қыркүегінде ашылды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев театрдың ресми ашылуына қатысты. Алғашқы қойылымы А.Кекілбаевтың «Абылайхан» пьесасы болды

Қазақ өнерінің қара шаңырағы,қазақтың кәсіби І.Омаров  атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының шымылдығы 2000 жылы 14 қыркүегінде ашылды.   ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев театрдың ресми  ашылуына қатысты. Алғашқы қойылымы А.Кекілбаевтың «Абылайхан» пьесасы болды.

2012 жылы 12 қаңтарында  театр  жаңа заманауи  ғимаратына  көшті.  Театр Қостанайдың  ортасын органикалық толықтырып және көпшiлiгiнде сирек кездесетiн объект болып табылады. 2012  жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев  театрда   болып қайтты. 

Театр репертуарында 90-нан астам ұлттық, шетелдік классика мен заманауи драматургия  қойылымдары бар.  Ай сайын стационарда 20-ға жуық көріністер жүргізілуде. 

Театрдың кәсіби деңгейі бірнеше рет республикалық және халықаралық фестивальдарда  жеңістермен расталған. 2001 жəне 2002 жылы Петропавл қаласында өткен ІХ-Х республикалық фестивальде Қ. Бегайдаров қатарынан екі рет «Ең үздік ерлер» рөлі номинациясына ие болды. 2004 жылы Қазақстан Республикасының халық жазушысы Сакен Жүнісованың 70 жылдығына арналған Республикалық фестивальда актриса Ақмарал Қасымова Фатиманың бейнесін сомдағаны үшін бас жүлдені жеңіп алды. 2007 жылы Ш.Кусаиновтың 100 жылдығына арналған аумақтық  фестивалінде театр арнайы дипломмен марапатталды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Қонысбек Бегайдаров, театрдың жетекші әртістері «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегерлері Шара Мүсілова, Зәмзәгул Бегайдарова, Айбол Шәкіржанов, Қабдул-Мәжит Иманов өз шеберліктерін көрермендерге тарту етіп қана қоймай, өз таланттарымен таң қалдырады. Сондай-ақ, Олжас Бегайдаров, Нұрлыбек Кенажахметов, Мөлдір Құбаш және басқа да талантты театр әртістері  қостанайлық көрермендердің сүйіспеншілігі мен тануына ие болды.

Театр директоры  – Кемельбаев Сабыралы Байгазыұлы, Мәдениет қайраткері.

 Театр көркемдік жетекшісі — Баймахан Әлия Әкімқызы

Бас суретші  —Нұрмақанов Маралбек Каментайұлы

Байланыс мәліметтері:

Мекен жайы:  Қостанай қ., Тәуелсіздік, к. 144

Телефон: 8-7142-54-73-10