Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Қостанай облыстық қуыршақтар театры
Қостанай қуыршақтар театры 1986 жылдың 31 желтоқсанында ашылды. А. Садовскийдің "Машенька и медведь" атты спектаклі театр тарихындағы есеп нүктесіне айналды.

Қостанай қуыршақтар театры 1986 жылдың 31 желтоқсанында ашылды.

А. Садовскийдің "Машенька и медведь" атты спектаклі театр тарихындағы есеп нүктесіне айналды.

Аншлагтармен өткен қуыршақтар театрының спектакльдері: «Машенька и медведь» (А.Садовский), «Еще раз о Красной Шапочке» (С.Ефремов), «По Щучьему велению» (А. Гараховская), «Солнышко и снежные человечки» (А. Веселов), «Теплый хлеб» (К. Паустовский) және т.б.

1999 жылы Қостанай қуыршақтар театры М. Горький атындағы облыстық орыс драма театрымен біріктірілді.

2012 жылдың маусым айында қуыршақтар театры дербестікке, өз сахнасына, өз ғимаратына қайтадан ие болды.

Бүгін театрдың репертуарлық афишасында 30 спектакль бар. 2013 жылы (Д. Кусаинов, Х. Булебеков) «Нужно быть нужным» атты спектакльде театрдағы қуыршақтар алғаш рет қазақ тілінде сөйледі. Бұл жас актерлердің еңбегі болды.

Спектакльдердің шығармашылық құрамы өзгеріссіз қалады, олар орыс, қазақ және шетелдік үздік драматургияның шығармалары бойынша қойылады. Актерлер түрлі– қамысты, планшетті, қолғапты, бойлы қуыршақ түрлерімен жұмыс істейді, бұл спектакльдерді әртүрлі жоспарлы, жаңа да, ерекше түрде, кішкентай және үлкен көрермендер үшін үнемі қызықты етеді.

Осы жылдар ішінде театр Қазақстан мен Ресейдің бірқатар беделді марапаттары мен дипломдарын жеңіп алды.

Байланыс деректері:

«Облыстық қуыршақтар театры» КМҚК

Басшы: Михерский Николай Владимирович

Ресми сайты: http://www.teatrkukol-kst.kz/index.php/ru/

Мекен-жайы: Костанай қ., Перронная көш.,  20 үй.

Телефоны: 8-7142-53-64-03