Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Қазақстандық жоғары сапалы ұнды өндіру
«Бест Қостанай» ЖШС

«Бест Қостанай» ЖШС ұн тарту кешені облыстық орталықта орналасқан және жоғары сапалы қазақстандық ұнды өндіру бойынша заманауи жетілдірілген комбинат болып табылады.

Жобаның іске қосылуы Қостанай облысы кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жүзеге асырылды.

Өндіріс қуаттылығы жылына 155 мың тонна ұнды құрайтын жобаны іске асыру үшін 754 млн. теңге көлемінде шетелдік инвестициялар (Түркия) тартылды.

Жалпы құны 3,1 млрд. теңгені құрайтын кешеннің құрылысына толығымен компьютерленген үдерістер қолданылды – бақылау және басқару мультижүйелері ұн тарту өндірісін адамның қатысуынсыз автоматты режимге көшіруге мүмкіндік береді.

Бүкіл өндірістік цикл – элеваторға астықтың түсуінен бастап дайын өнімді буып-түюге дейін – бірыңғай компьютерлік есепте тұр.

Жаңа озық технологиялардың қолданылуы «Бест-Қостанай» ұн тарту кешеніне бірден ұнның бес сұрыпын – ірі тартылған ұннан «премиум» ұнға дейін шығаруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Ресей Федерациясы, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстанның экспорттық нарықтарында кәсіпорында «Уно», «Мубарек», «Элит» сауда маркасымен өндірілетін ұн жоғары бағаланады. Жобаның іске асырылуы жалпы аймақ үшін маңызды болып табылады.

Облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері астық өткізудің жаңа нарығын тапты.

Астықты өңдеу, ұн экспорты көлемінің артуы, валюталық түсім, бюджетке аударымдардың өсуі облыстың экономикасына оң әсер етеді. 100-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Ұн тарту кешенін салу кезінде кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында жылдық 10 % көлемінде пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, банктік қаржыландыруды алу кезінде Қордың кепілдігі берілді, жабдықтарды әкелуге кеден преференциялары алынды (баж, ҚҚС).