Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Кондитерлік өнімдер өндірісі
«Баян Сұлу» АҚ

«Баян-Сұлу» АҚ-ның Қостанай кондитерлік фабрикасы қазақстандық кондитерлік өнімдерді өндірушілер көшбасшыларының бірі болып табылады, өзінің саласында мол, қырық жылдан астам тәжірибесі және жоғары іскерлік беделі бар.

Қазіргі таңда «Баян-Сұлу» АҚ Қазақстан Республикасының ең үздік кондитерлік кәсіпорындардың үштігіне кіреді. Ол 1700 астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Мемлекеттің көрсеткен қолдауларымен фабрикада әрдайым өндірістік аудандар кеңейтіледі, өндірістік объектілер пайдалануға енгізіледі, өндіріс пен сатылымдар көлемін арттыру мақсатында жаңа технологиялар ендіріледі, менеджмент жақсартылады, жабдықтар әрдайым жетілдіріледі.

Жаңа жабдықтарды сатып алуға жыл сайынғы инвестициялар жылына 1,5-нан 2,0 млрд. дейін құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорын жылына 80 мың тоннадан астам өнім шығарады және шығарылатын өнімнің 40% жуығын шетелдік нарықтарға жеткізеді.

Бүгінгі таңда экспорттың дамуы негізгі міндеттердің бірі. Алдағы жылдары экспорт көлемі тағы 10-15 пайызға өсетіні жоспарлануда.

Экспортталатын кондитерлік өнімдердің көп бөлігі Ресейге жеткізіледі. Бұдан басқа, өнім Германия, Қытай, Украина, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Армения және Грузияға жеткізіледі.

2010 жылдан бастап кәсіпорынға Қазақстан даму банкімен жеңілдікті қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, технологиялық жабдықтар және оларға жинақтауыштар импортын кедендік баждар салудан босату түрінде инвестициялық преференциялар беріледі.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпорынға несие бойынша жылдық 7% пайыздық мөлшерлемесі қаражаттандырылды.