Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Автокөлік өндірісі
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС – Қазақстандағы ірі автомобиль жасау кәсіпорны, оның аясында автомобильдерді дәнекерлеу, бояу және құрастыру бойынша операциялар орындалады.

Қазіргі таңда шығарылатын өнімнің желісі JAC, Peugeot, IVECO, ANKAI, Hyundai, Ravon, Chevrolet Niva сияқты брендтермен таныстырылады.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС «Тобол» ӘКК» АҚ мен Қазақстандағы автомобильдердің ірі өндірушісі мен дистрибьюторы - «Аллюр» компаниялар тобының бірлескен кәсіпорны болып табылады. Кәсіпорын өз жұмысын 2010 жылдан бастады, қызметтің бүкіл кезеңі ішінде 30 мыңнан астам автомобиль шығарылды.

Компанияның өндірістік қуаттылығы – ірі торапты құрастыру (IVECO, Hyundai, JAC, RAVON, Peugeot, СHEVROLET NIVA) – 9 000 бірл., ұсақ торапты құрастыру (JAC) - 5 000 бірл. 2018 ж. қаңтар-шілде ішінде 6 125 автомобиль құрастырылды (Ravon – 400, CHEVROLET NIVA - 531, Hyundai – 4 146, JAC - 931, Peugeot – 79, IVECO - 38).

Компанияның 2020 ж. дейін даму жоспарына сәйкес жылына 37 мың автомобиль шығару жоспарланды (8 мыңнан астам JAC маркалы автомобильдер).

2015 жылы «China National Vehicles Import & Export Corporation» (СМС) Қытай компаниясы мен қазақстандық «Аллюр» КТ ынтымақтастық туралы бірінші шартқа қол қойды, оның аясында Қытай тарапы «Аллюр» КТ» АҚ-ның капиталына кіру туралы шешімді қабылдады.

Осы келісімнің аясында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС ұсақ торапты құрастыру әдісімен JAC автомобильдерін шығару бойынша жобаны іске асырады.

Сонымен қатар, 2017 жылы JAC iEV6e және iEV7 автомобильдерінің өндірісі басталды. 2018 жылға өндіріс көлемі шамамен 500 бірлік автомобильді құрайды.

Қазіргі таңда «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 8 жыл даму ішінде өндіріс оқшаулануын айтарлықтай тереңдетті, жаңа технологияларды енгізді, аз шығындармен және көп тиімділігімен заманауи автомобильдердің өндірісі үшін технологиялық үдерістерді жетілдірді.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС алаңында автомобильдердің өндірісі отандық автоөнеркәсібін, технологиялар трансфертін дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру үшін өте маңызды.

Жобаның сәтті іске асырылуы, оның ішінде мемлекеттік қолдаудың көрсетілген шараларымен шартталған.

Осылай, өндірісте қолданылатын жоғары технологиялық жабдық «Өнімділік-2020» бағдарламасының аясында лизингке сатып алынды, толымдаушыларды сатып алуға қаражат «Қазақстанның даму банкі» АҚ-да ашылған несиелік желі бойынша берілді, «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі «NADLoC» ұлттық агенттігі» АҚ бағдарламасы бойынша конструкторлық құжаттаманы сертификаттау және әзірлеуге кеткен шығындар өтелді, инвестициялық преференциялар ретінде – кеден баждарын төлеуден босату және басқалар.