Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Ресей федерациясына жұмыс сапары
Татарстан Республикасының өндірістік кәсіпорындарына, сондай-ақ Ресей Федерациясының Свердловск облысына бару.

Құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. В. Скляр, Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е.Х. Қойшыбаев, «БРК-Лизинг» АҚ Басқарма төрағасы Н.С.Байбазаров, Қазақстандық Авто Бизнес Қауымдастығының президенті А.С. Лаврентьев бар делегация Татарстан Республикасының, сондай-ақ Ресей Федерациясының Свердлов облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды.

Делегация «КАМАЗ» компаниясының Бас директоры Сергей Когогинмен бірге автомобиль зауытының құрастыру конвейерлеріне, сондай-ақ «КАМАЗ» компаниясының Ғылыми-техникалық орталығындағы автомобиль техникасының көрмесіне барды, сондай-ақ компания басшылығымен екіжақты келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Екатеринбург қаласында өткен «ИННОПРОМ» халықаралық көрмесіне қатысты.

«ИННОПРОМ» көрмесі – бұл Ресейдің ең маңызды индустриалдық, сауда және экспорттық алаңы болып табылады. Атап өтерлігі, көрме осы жылы оныншы рет өткізіліп отыр.  

Бұл алаңға келушілердің басым бөлігі-бұл әлемнің түрлі елдерінің өкілдері, өндірісте жаңа өнімдер мен технологияларды енгізу туралы шешім қабылдайтын өнеркәсіп кәсіпорындарынан келген мамандар.

Және де облыс әкімі Архимед Мұхамбетов іс-шара барысында Қазақстанның атынан ашылған стендтің ашылу рәсіміне қатысты.

Күннің екінші жартысында бірқатар кәсіпорындармен кездесулер өткізілді, өндірістік кәсіпорындарда, офистерде және басқа да объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша Ресей көшбасшыларының бірі болып табылатын «Кейтеринбург» компаниясында атап өткен жөн.

Сонымен қатар, облыс басшылығы Свердлов облысы губернаторының орынбасары О.Л. Чемезовпен екіжақты кездесулер өткізді,оның барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, инвестициялық жобаларды іске асырумен қоса, бірлескен жұмыстың белгілі бір қорытындысы жасалды, болашаққа перспективалық жоспарлар белгіленді.

09.07.2019