Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Қостанайда Челябі облысының мәдени күндері өтеді
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған делегация мүшелері Ресей Федерациясы Челябі облысының басшылығымен кездесіп, аймақаралық әріптестік мәселесін талқылады. Тараптар алдымен өңірлердің сыртқы экономикалық әріптестігіне баса мән берді. Атап айтқанда тауар айналымын арттыру, өндірістік кооперацияны күшейту, білім беру мен денсаулық сақтау, мәдени қарым-қатынас және туризм жайы жан-жақты сөз болды.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған делегация мүшелері Ресей Федерациясы Челябі облысының басшылығымен кездесіп, аймақаралық әріптестік мәселесін талқылады. Тараптар алдымен өңірлердің сыртқы экономикалық әріптестігіне баса мән берді. Атап айтқанда тауар айналымын арттыру, өндірістік кооперацияны күшейту, білім беру мен денсаулық сақтау, мәдени қарым-қатынас және туризм жайы жан-жақты сөз болды. Талқылауға түрткі болған тақырыптың бірі - 2019 жылдың алғашқы тоқсанында Қостанайда Челябі облысының күндерін өткізу. Осы шара аясында екі ел іскер топ өкілдерінің әлеуметтік-мәдени байланыстарына жол ашпақ.

«Қостанай және Челябі облыстарының басшылығы қазірден бастап мәдениет күндерін ұйымдастыру мәселелерін қолға алу қажеттігіне келісті. Таяу уақытта арнайы жұмыс тобы құрылып, тиісті іс-шаралар жоспары нақтыланады. 2017 жылы аймақтар арасында Сауда-экономикалық және мәдени әріптестік жөніндегі келісімге қол қойылған болатын. Қостанайда Челябі облысының мәдени күндерін өткізу - сол құжаттың нақты жүзеге асырылуы», - деді Жігер Сәрсен. Облыстар арасында өзара туризмді дамыту мақсатында Челябі мен Қостанай облыстарының туристік ұйым өкілдері және блогерлер үшін қысқы туристік бағыттар бойынша ақпараттық тур ұйымдастырмақ. Ресейліктер аталған шараға қаржы бөлуге дайын екендігін жеткізді. Ал жаз айларында балалар мен жастар туризмін дамыту мақсатында аймақтар үш күндік туристік бағыттарды қолға алу қажеттігіне уағдаласты. Ол бойынша қауіпсіздік пен бағдарламаның мазмұндылығына айрықша ден қойылады. Бұдан бөлек медициналық, аңшылық-олжалық туризм бағыттарына да баса мән беріліп отыр. 

Сонымен қатар екі облыстың өкілдері өндірістік кооперация, инвестиция тарту жөнінде бірлесіп қолға алған жобаларды үнемі назарда ұстап, ақапарат алмасып отыруға келісті. Кездесу соңында 2020 жылы Челябі қаласында өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) мен БРИКС саммиттері де сөз болды. Ресейлік тарап Қостанай облысын осы жылдың 4-6 желтоқсан күндері Челябіде өткізілетін ШЫҰ аясындағы форумға қатысуға шақырды.

Сапар барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Челябі мемлекеттік университетінің студенттеріне арнап мастер-класс өткізді. Мұндағы мақсат – ресейлік студенттерге Қостанай облысындағы жобалық басқарудың іске асу барысын таныстыру. М. Мырзалиев студенттерге индустрияландырудың базалық бағыттарын, шағын және орта бизнестің дамуы туралы айтып берді. Әкім орынбасары облыстағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобаларын көрсетті. Әсіресе, студенттер жер алқаптарын цифрландыру, сүт және ет фермалары, әлеуметтік салалардағы сандық жүйелерді енгізу жұмыстарына қызығушылық танытты. Өз кезегінде Қостанай облысының әкімдігі Челябі университетін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында әріптестік орнатуға шақырды.
02.11.2018