Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
«JitiQara-2018» бизнес-форумы
2018 жылдың 16 қарашасында Жітіқара ауданында «Сандық және өнеркәсіптік 4.0 жағдайындағы инвестициялық белсенділікті арттыру» тақырыбында «JTIQara-2018» бизнес-форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаттары - инвестициялық қызметтін дамыту және Жітіқара ауданының әлеуетін инвестициялауды Сандық және өнеркәсіптік 4.0 арқылы жаңа технологияларды енгізу.

Форумға министрліктер, аймақтық департаменттер, даму институттары мен бизнес өкілдері қатысты.

Форум бағдарламасында инвестициялық белсенділікті арттыру және ауданның даму әлеуеті, цифрландыру және өнеркәсіп 4.0 пайдалану мүмкіндіктеріне арналған пленарлық отырысы болды. Форумның негізгі талқылаулары панельдік сессиясында өтті және аймақтың тау-кен металлургиялық кешені мен агроөнеркәсіп кешенінің даму мүмкіндіктеріне арналды.

Форумның бизнес бөлігі аяқталғаннан кейін қатысушыларды қаланың бос ғимараттары мен Жітіқара қаласының өнеркәсіптік аймағына және «Қостанай минералдары» АҚ-ның индустриялық аймағына экскурсия ұйымдастырылды.

Бизнес-форумның маңызды аспектісі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою болды. Жітіқара ауданы әкімдігімен жемқорлыққа қарсы бөліммен және «Silos Cordoba» (Испания), «Agropromtehnika» қоғамы, «Брендт» ЖШС, «Житикара Астық Сауда» ЖШС, «Қостанай минералдары» АҚ, «Жеткукар-2003» ЖШС меморандумға қол қойылды.

15.11.2018