Сапар бағдарламасының басында делегация индустриялық аймақтың аумағындағы құрылыс алаңында болып, онда автоқұрамдауыштарды шығаратын екі зауыттың құрылыс барысымен танысты.
Сондай-ақ, сапар барысында делегация болашақ мамандарды дайындайтын "КАМАЗ" компаниясының серіктесі болып табылатын А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде болды. Қонақтарға арнайы макетте барлық ғимараттар мен зертханаларды ескере отырып, университеттің әлеуеті таныстырылды.
Одан әрі "Agro-skills" зертханасына барып, онда "КАМАЗ" басшылығына "Олжа Агро" және "Жас Қанат 2006" сияқты облыстың кәсіпорындарымен университеттің өзара әрекеттесу қағидаттары көрсетілді. Қонақтар қолданбалы биотехнология зертханасына барып, студенттерге дәріс оқыды.
Университеттегі экскурсия студенттермен кездесумен арқылы аяқталды. "КАМАЗ" компаниясының бас директоры Когогин С.А. студенттерге кәсіпорынның мақсаттары мен принциптері, индустриялық аймақ зауыттарының жоспарлары, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы әріптестерімен бірлесіп оқыту туралы айтып берді.
Айта кетейік, А.Байтұрсынов Қостанай Өңірлік университеті Қазан федералды университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, оның аясында біздің студенттеріміз "қос" диплом алуға мүмкіндігі бар.
Жазғы кезеңде қостанайлық студенттер Ресейден "КАМАЗ" ЖАҚ зауытында тәжірибеден өткені туралы сертификаттармен оралды.