Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Британдық инвесторлармен кездесу
2020 жылдың 10 наурызында британдық компаниялардың сауда миссиясы

2020 жылғы 10 наурызда Қостанай облысының кәсіпкерлері Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне британдық компаниялармен B2B кездесулерін өткізуге және Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісінің тікелей қатысуымен бірлескен ынтымақтастық перспективаларын талқылауға шақырылды.

«Тобол» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Оспанов Қ.Т. Perry Oakley Ltd., Storth Ltd, Milkrite-Interplus ауылшаруашылық техникаларын өндіруге мамандандырылған компаниялардың өкілдерімен кездесулер өтті. 

Кездесуге қатысушыларға Қостанай облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Компания өкілдері бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытты. Барлық мүдделі компаниялармен жеке жұмыс жүргізілетін болады. 

Бұл миссия Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы сәтті сауда-экономикалық қатынастардың нәтижесі болып табылады.

Ұлыбритания тауар айналымы бойынша Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Ұлыбритания сонымен қатар Қазақстандағы ең ірі алты инвестордың бірі болып табылады. Соңғы 13 жылда Ұлыбританиядан Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция 13 миллиард доллардан асты.

Қазақстанда 800-ден астам заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, олардың 504-і белсенді, олардың ішіндегі ең ірілері: Royal Dutch Shell және Ernst & Young - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері.

Қазақстанда 800-ден астам заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, олардың 504-і белсенді, олардың ішіндегі ең ірілері: Royal Dutch Shell және Ernst & Young - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері.

11.03.2020