Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Бизнес-қоғамдастықтармен кеңес
Кездесудің мақсаты – инвестициялар тарту, өнеркәсіпті дамыту және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.

5 маусымда облыс орталығында орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар өкілдерінің, соның ішінде Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің бірінші басшыларының, «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және облыс кәсіпкерлернің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.

Қостанайлық кәсіпкерлерге инвестициялық преференциялар, Теңгелік өтімділік бағдарламасы, Бизнестің жол картасы, Даму қорының жеке бағдарламалары секілді елеулі мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды, сондай-ақ экспортты жүзеге асыру кезінде логистикалық шығындарды өтеу, өнеркәсіптің өңдеуші секторының субъектілеріне сервистік қолдау көрсету және инновациялық гранттар беру мәселелері бойынша ақпарат түсіндірілді.

Іс-шараның екінші бөлімінде облыстың қаржы институттары мен кәсіпорындары арасында пәндік кездесулер өтті.

05.06.2019