Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Қостанай облысында қандай инвестициялық жобалар іске асырылатын болады
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Қостанай Инвест 2018» атты форум ашты және аймақтағы жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы әңгімелеп берді.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Қостанай Инвест 2018» атты форум ашты және аймақтағы жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы әңгімелеп берді.

Өңір басшысы А.Мұхамбетов - «Өткен жылы алғаш рет осы аяда құны 200 млрд теңгеден астам сомада 28 меморандумға қол қойылған инвестициялық форум өтті. Ағымдағы жылы 251 млрд. теңгеге 19 меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Қазіргі таңда бізбен 2 трлн 200 млрд теңге 40 инвестициялық жоба жұмыс жасауда, оның ішінде 13 шетелдік инвесторларды, қалған үшеуі қытайлық инвесторлардың қтысуымен жүзеге асырылып жатқандығы жайында» - хабарлады.

- Бүгінгі күні индустриалды аймақта теледидарлар мен компьютерлер шығару туралы келісімдерге қол қойылды. Жобаның құны - 50 миллион доллар. Сондай-ақ, Қостанай индустриалды аймақ базасында құны 15,9 млрд теңгені құрайтын тракторлар мен ауыл шаруашылық техникаларын өңдеп шығару жоспарланып отыр. Hangteng компаниясы индустриялық аймақта орналасатын жеңіл автокөліктерді шығару бойынша жобада 150 миллион долларды инвестицияға салуды жоспарлауда. Сонымен қатар, облыс әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін CNC компаниясы 1 млрд 200 млн инвестиция көлемімен Allur компаниясының капитал тобына кіруді аяқтайды, ол  2023 жылға қарай жылына 66 мың бірлікке дейін автокөліктерді өңдеп шығаруға мүмкіндік береді.  

«Қазір бізде АПК саласында ауыл шаруашылығында астықты терең өңдеу үшін ауыл шаруашылық хабын құрып жатырмыз. Құрылыс-монтаж жұмыстарын келесі көктемде бастау жоспарлануда. Жобаның жалпықұны 200 миллион доллардан астам»,-деп хабарлады А. Мұхамбетов. Индустриалдық аймақты құрудан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша класстерлер жасауды белсенді қолға алынды. Мысалы, Арқалықта қараша айының басында жұмысты бастау жоспарланып отырған ірі ет өңдеу кешенінің құрылысы қазіргі уақытта соңғы кезеңің аяқтап жатыр. Сонымен қатар, Торғай боксит кенішінің шығарылатын өндірістік алаңында фабрикалық асхана құрылады. Жобасеріктесі Ресейдің «Kiteringburg» компаниясы болып табылады, қоғамдық тамақтану  саласына ресей 5 - бөлігі енеді. «Қазір біз индустриялық аймақты толтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта 235 млрд. теңге сомада 11 жобаны орналастыру мәселесі шешілді. Осылайша, бюджеттен 1 теңгеге 37 теңге инвестиция тартылатын болады, - деді А. Мұхамбетов.

 - Зонаның белсенді дамуын ескере отырып, біз оны арнайы экономикалық аймақтың мәртебесін беру мәселесінде жұмыс жасаймыз. Қазір бұл мәселе Үкімет деңгейінде шешілуде». Еске кетсек, Қостанайда екінші халықаралық инвестициялық форум басталды, ол өз алаңына мыңнан астам қатысушыларды жинады. Оған ұлттық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдардың, даму институттарының, халықаралық қаржы институттарының және компаниялардың өкілдері қатысады. Форумның құрметті қонақтары арасында Бельгияның, Индонезияның, Өзбекстанның елшілері, сондай-ақ Ресей Федерациясының Қазақстандағы саудамиссиясының өкілі бар.

11.10.2018