Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Архимед Мұхамбетов шетелдік серіктестермен кездесу өткізді Қайта оралу
Өңір басшысы "KamLit KZ"ЖШС салып жатқан зауыттарға арналған жабдықтарды жеткізуші серіктестермен кездесті.

Өңір басшысы "KamLit KZ"ЖШС салып жатқан зауыттарға арналған жабдықтарды жеткізуші серіктестермен кездесті.
Қостанай қаласындағы индустриялық аймақ аумағында "KamLit KZ" ЖШС шойын құю зауытының, сондай-ақ жүк техникасына арналған жетекші көпірлердің басты берілістерін шығаратын зауыттың құрылысы жалғасып жатқанын еске саламыз.
Кәсіпорын жабдықтарды жеткізу бөлігінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады. Бүгін Қостанай облысына Германия, Нидерланды, Испания, БАӘ және Түркия сияқты елдердің компанияларының өкілдері келді.
Кездесу барысында компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі сәттері талқыланды, сондай-ақ облыс әкімі қонақтарды жұмыс орындарын құруға және жаңа өнімдер шығаруға бағытталған жобаларға толық қолдау көрсетілетінін айтты.
Бұдан соң қонақтар зауыттардың құрылыс алаңдарын аралап, жобалардың іске асырылу барысымен танысады.

18.05.2022