Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының I тоқсандағы қорытындысы
Өңір басшысы әкімдіктің отырысын өткізіп, онда 2022 жылдың I тоқсанындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен моноқалаларды дамыту туралы мәселелерін қарады.

Өңір басшысы әкімдіктің отырысын өткізіп, онда 2022 жылдың I тоқсанындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен моноқалаларды дамыту туралы мәселелерін қарады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Бекбаеваның айтуынша, биылғы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облыста барлық макроэкономикалық салада өсім байқалады.
- Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 2,8%-ға өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі-7,8%, негізгі капиталға инвестициялар-9,7%, тұрғын үйлерді пайдалануға беру-6,2%, құрылыс жұмыстары-33,1%, сауда-5,2% көрсетіп отыр. Жыл басынан бері облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 577,0 млрд. теңгенің өнімін өндірген, - деді А.Бекбаева.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қалалар мен аудандар әкімдіктеріне кіріс көздерін ұлғайту және өткен жылдың осы кезеңіне сәйкес динамиканың төмендеуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Одан әрі моноқалаларды дамыту туралы мәселе қаралды.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Халық бірлігі және жүйелі реформалар-елдің өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында өнеркәсіптік өндірістің шамамен 40% - ы еліміздегі 27 моноқалаға тиесілі екенін атап өтті.
Моноқалалардың негізгі проблемалары - әлеуметтік-демографиялық үрдістер, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің қысқаруы. Моноқалалардың тағы бір маңызды проблемасы инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның істен шығуы. Су құбыры, кәріз, жылу және электр желілерінің жоғары тозуы елеулі қаржылық салымдарды және т. б. шығынды талап етеді.
Архимед Мұхамбетов атап өткендей, қазіргі уақытта Қостанай облысының моноқалаларын дамыту жоспары бар.
- Бүгінгі таңда Арқалық, Рудный, Лисаков және Жітіқара сияқты моноқалалар үшін даму жоспары әзірленген. Жоспарда инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа кәсіпорындар салу, жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғырту көзделген. Бұнын бәрі жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуды қолдауды күшейтеміз. Моноқалалар өнеркәсібін дамытудағы басты міндет - халық санын сақтай отырып, өндіріс көлемін ұлғайту. Сонымен қатар, ірі қалалар мен маңызды жол бойында орналасқан моноқалалардың даму әлеуеті зор,-деп атап өтті облыс әкімі.
Жалпы, аталған проблемалық мәселелер кешенді жоспарлар шеңберінде кезең-кезеңімен шешіледі, сондай-ақ кешенді жоспарларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп және ШОБ өнімдерін шығару көлемін ұлғайтуға, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға және моноқалаларды дамытудағы басқа да оң өзгерістерге ықпал ететінін атап өткен жөн.

05.05.2022