Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
"ИННОПРОМ" халықаралық өнеркәсіптік көрмесі
Қостанай облысының делегациясы Екатеринбург қаласында өткен "ИННОПРОМ" XII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.

Қостанай облысының делегациясы Екатеринбург қаласында өткен "ИННОПРОМ" XII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты. "Қазақстан" павильонында бірқатар қостанайлық кәсіпорынның өнімі ұсынылды.
Сапар барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Татарстан Республикасының Президенті Р.Н. Миннихановпен кездесу өткізді. Кездесу шеңберінде тараптар Қостанай қаласының индустриялық аймағының аумағында шойын құю зауыты мен жетекші көпірлердің басты берілістерін шығаратын зауыт салу жөніндегі жобаларды іске асыру барысын талқылады.
Сондай-ақ, 6 шілдеде Қостанай қаласында өтетін "Сабантой" мерекесінің дайындығы туралы сөз қозғады.
Одан кейін Архимед Мұхамбетов Челябі облысының губернаторы А.Л. Текслермен кездесті. Челябі облысының туроператорлары үшін Қостанай облысына ақпараттық тур ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілді.
Екі өңірде импортты алмастыруды дамыту бойынша ұқсас міндеттерді ескере отырып, тараптар жаңа өндірістерді ұйымдастыру үшін өзекті ақпаратпен алмасуға келісті.
Кездесу соңында "Қостанай облысының Челябі облысындағы күндері" іс-шарасын әрі қарай өткізу үшін екі тараптың мүдделі кәсіпкерлерінің бизнес-кездесулерін өткізу мүмкіндігі талқыланды.
Сонымен қатар, "ИННОПРОМ" көрмесіне қатысушы компаниялар мен ұйымдардың басшыларымен басқа да бірқатар кездесулер өткізілді.

04.07.2022