Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
«Қостанай Турист» қонақ үйі
«Қостанай Турист» туристерге, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, қала қонақтары үшін қонақ үйдің классикалық үлгісі болып табылады

«ҚостанайТурист» қонақ үйі қаланың іскерлік бөлігінің орталығында орналасқан. Қонақ үйі кешенінің жанында облыстық және қалалық әкімдік пен мәслихат, облыстық, қалалық және экономикалық соттар, ұлттық банкі, мемлекеттік филармония, сот орындаушылары департаментінің ғимараттары орналасқан. Қадамдық қолжетім жерінде аттракционадарымен қалалық саябағы, орталық базар, Ұлттық банкі, Қостанай мемлекеттік университеті, ірі сауда орталықтары, банктар, бірқатар нотариаттық кеңселер бар. 

Сізге түрлі бағалармен екі бөлмелі «люкс» классты, «отбасылық люкс» нөмірлерінен бюджеттік 1-2-3 орынды «стандарт» нөмірлерге дейін заманауи жайлы нөмірлер ұсынылады. Әрбір нөмір 120 арна кіретін пакеті бар теледидармен, тоңазытқышпен, халықаралық және халықаралық байланысы бар телефонмен, Wi-Fi-мен жабдықталған.

150 орынға арналға жайлы мейрамхана бар. Қонақ үйде 20, 50, 150 орынға арналған конференц-зал бар. Зал тұсаукесерге, кеңестер, шебер-класстар мен тренингтерді өткізуге барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Біздің көптеген клиенттеріміз «мобильді кеңсе» қызметін қолдана алады және қонақ үй кешенінен шықпай-ақ, жұмыс істей алады, бұл олардың жұмыс уақытын едәуір үнемдейді. Мобильді кеңсе жеке кабинет, заманауи ноутбук, жоғары жылдамдықты интернет, сондай-ақ принтер және сканермен жабдықталған.

Қостанай қ., Байтұрсынов көш., 72

Тел: +7 (7142) 545-484 (тәулік бойы)

E-mail: kostanayturist@mail.ru