Қостанай облысының
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТАЛЫ
  • kz
    • ru
    • en
ZODIAC cinema
«ZODIAC cinema» кинотеатры – бұл «KostanayPLAZA» сауда ойын-сауық орталығында орналасқан, Қостанай облысының аумағындағы жалғыз 6 залды кинотеатр

«ZODIAC cinema» кинотеатры – бұл «KostanayPLAZA» сауда ойын-сауық орталығында орналасқан, Қостанай облысының аумағындағы жалғыз 6 залды кинотеатр.

«ZODIAC cinema» кинотеатрындағы 6 залда 734 орын бар. Онда: Premium (Vip) модельді 64 кресло, “Love seat” модельді 37 ыңғайлы диван, мүгедектерге арналған 16 орын, 50 Baby seats, балалардың жайлы қарауына арналған жастықтар. 

Кинотеатр жаңа сандық жабдықпен жабдықталған:

BARGO проекторлары (Бельгия Корольдігінің өндірісі), High Class кинотеатрлық проекторлардың (Франция өндірісі) арасында бәсекелес желідегі көшбасшы. Кино көрушінің картинаға толығымен үңілуін қамтамасыз ететін, HarknessHall кең аумақты  экрандары бар жайлы кинозалдар. Dolby Atmos аудио дыбысталу жүйесі – Dolby Laboratories компаниясының премиум өнімі. Жаңа аудио платформа экранда табиғи және реалистік сезімдерді қамтамасыз етіп, дыбыс туралы түсінікті өзгертеді. 

«ZODIAC cinema» кинотеатры – бұл ыңғайлылық пен жоғары технологиялардың үйлесімі кино әлемінен жарқын әсерлерді жаңаша сезінуге мүмкіндік беретін орын.

Қостанай қ., «KostanayPLAZA» сауда ойын-сауық орталығы

Тел. +7 (7142) 390-139

Кинотеатрлар

Арман

Қазақстан