INVESTMENT PORTAL
of Kostanay region
  • en
    • kz
    • ru
Akim of Kostanay region signed a memorandum of cooperation with «Kazakh Invest»
More than 20 investment projects worth 140 billion tenge are planned to be implemented in the Kostanay region.

Қостанай облысында 140 млрд теңге сомаға 20-дан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Осы жұмысты жақсарту мақсатында облыс әкімі «KazakhInvest» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, облыс басшылығы инвесторларды шикізат, жер және инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге дайын. Осылайша, автомобиль өнеркәсібі, азық-түлік өнімдерін өндіру салаларында және ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жобалар іске қосылатын болады. Мысалға, облыста биылдан бастап автомобильдер өндірісін 2 есеге ұлғайту және өндірісті 12 мың бірлікке жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жобада Қытай елі қолдау көрсететін болжау керек. Жалпы алғанда, инвесторларды Ресейден, Германиядан және Италиядан тарту  жоспарланып отыр.

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі:

- Жылдың екінші жартысында қаламызда инвесторлар барлық ақпаратты алуға болатын дүңгіршектер орнатылады. Бүгін біз цифрлаумен  белсенді айналысудамыз, аймақтың интерактивті картасын жасап жатырмыз. АДБ 325 мың АҚШ доллары көлемінде грант бөлді. Біз оны тамыз айында бастаймыз. Облыстың минералдық шикізаттар, кен орындарында, инженерлік желілердегі барлық деректері – барлығы цифрланады.


13.06.2018