Іздеу

ENRC

ENRC (Eurasian Natural Resources Corporation) минерал ресурстарын өндіру және өңдеу саласында әлемдегі жетекші топтардың бірі болып табылады, сонымен қатар біріктірілген, өндіруші, өңдеуші, энергетикалық және логистикалық кәсіпорындары бар. ENRC тобы Ұлыбританияда тіркелген, штаб-пәтері Лондонда орналасқан.
Бүгінде, ENRC өз-өзін табиғи ресурстар бойынша әлемдегі жетекші топтардың бірі ретінде көрсете білді және әлемдік тау-кен өндіру өнеркәсібінде жетекші рөл атқара алатын барлық мүмкіндіктерге ие.
ENRC тобы Қазақстанда, Қытайда, Ресейде, Африкада және Бразилияда жұмыс жасайды және құрамына тау-кен өңдеу саласының активтері, өңделімдері және өңдеу орындары кіреді.
Қазақстан Республикасындағы активтері мынадай: Қазхром, Жайрам ТБК, ССКӨБ, Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (KAS), Еуроазиаттық энергетикалық корпорация (ЕЭС) және ENRC Логистика.
Қазіргі уақытта ENRC хром мөлшері бойынша феррохромның әлемдегі ең ірі өндірушісі, темір кенін өндіру және өңдеу бойынша Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын, темір кенінің әлемдегі ең ірі экспортшыларының бірі және көлемі жағынан тауарлық сазбалшықтың әлемдегі тоғызыншы ең ірі өндірушісі болып табылады.
Қостанай облысында ENRC тобы келесі компаниялармен ұсынылған: ССКӨБ, Красный октябрь және Торғай боксит кен басқармасы.
ENRC тобы Қазақстанның ЖІӨ дамуына елеулі үлес қосып отыр (2009 жылы ENRC үлесіне 3% тиесілі болды). Қазіргі сәтте Топтың құрамында 70 000-нан астам адам жұмыс істейді, соның ішінде 65 000 адам Қазақстанда жұмыс жасайды.