Іздеу

Iveco

IVECO (Industrial Vehicles Corporation – Өнеркәсіптік Мақсаттағы Автокөліктер Корпорациясы) – италиялық автокөлік жасау компаниясы болып табылады. Штаб-пәтері Турин қаласында орналасқан.
IVECO концерні, өзінің Magirus-Deutz бөлімшесін FIAT басқаруына беру туралы Klockner-Humboldt-Deutz (KHD) келісімінің нәтижесінде 1974 жылдың қараша айында құрылған болатын. Iveco концернінің алғашқы өзіндік құрылмасы 1978 жылы істеп шығарылған Iveco Daily 2,9-4,9 т жеңіл сериясы болып саналады. Бұл - әлемде бірінші болып арнайы әзірленген жаппай өндірілетін жеңіл жүк көліктері әулетінің бірі болып табылады.
2012 жылы италиялық компания мен «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» қостанайлық компаниясының арасында коммерциялық техниканың өндірісі жөніндегі ынтымақтастық бастама алды.
2013 жылдың өзінде Қостанай облысында IVECO автокөліктерінің 592 бірлігі құрастырылды.
Одан бөлек, 2013 жылы «IVECO» компаниясы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» компаниясымен серіктестік қатынастарын кеңейтті. Енді «Iveco PowerDaily» (шағын автобустар) үлгісімен қатар, «Iveco 682» (жүк автокөлігі) торабы да құрастырылатын болды. Осылайша, Қазақстандағы өнімдердің ауқымына бұдан былай жеңіл автокөліктер мен ауыр автокөліктер кіреді.
    Кәсіпорын, коммерциялық техниканы ұсақ торапты әдіспен құрастыруға, соған қоса автокөліктердің шанақтарын дәнекерлеуге және бояуға, сонымен қатар өндірілетін автокөліктердің үлгілік қатарын кеңейтуге көшуді жоспарлап отыр.