Іздеу

Evraz Group S.A

Evraz Group S.A. – сатылас-біріктірілген металлургиялық және тау-кен өндіруші халықаралық компания болып табылады. Штаб-пәтері Лондон қаласында орналасқан. Компания болат өндірісімен айналысатын әлемдегі он бес өндірушілердің қатарына кіреді.
Компания өз тарихын 1992 жылдың 28 ақпанынан бастайды. 2013 жылы ЕВРАЗ компаниясы болаттың 16,1 млн. тонна көлемін өндірді. Темір кенінің және кокстенген көмірдің өзіндік қоры ЕВРАЗ компаниясының ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етеді. Компания Лондон Қор Биржасының FTSE-250 жетекші индексіне кіреді. ЕВРАЗ компаниясы бүкіл әлем бойынша 110 000-ға жуық қызметкерлерді біріктіреді. ЕВРАЗ компаниясының 2012 жылғы шоғырландырылған ақшалай түсімі 14 726 млн. АҚШ долларын, ал EBITDA бойынша шоғырландырылған ақшалай түсімі - 2 012 млн. АҚШ долларын құрады.
      2013 жылдың 1 қазанында Evraz Group S.A. және «Евраз Каспиан Сталь» компанияларының арасында Қостанай қаласында болат арматурасын өндіру жөніндегі бірлескен қызмет бойынша келісім-шарт жасалған болатын
    2013 жылдың соңында Қостанай қаласында арматура өндіретін зауыт іске қосылды. Өндірістің жоспарлы қуаты жылына илемделген бұйымдардың 450 мың тоннасын құрамақ.