Іздеу

Toyota

Toyota Motor Corporation - автокөлік жасау саласындағы ең ірі жапониялық компания болып табылады, сонымен бірге қаржы қызметтерін көрсетеді және бизнесте бірнеше қосалқы бағыттары бар. Штаб-пәтері Айти префектурасының Тоёта қаласында орналасқан (Жапония).
Қазіргі уақытта Toyota Motor әлемдегі ең ірі автоөндіруші ретінде танымал.
Корпорация, «Fortune Global 500» көшбасшыларының ондығына кіреді (2013 жылы 8 орында болған).
«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» қостанайлық кәсіпорынының негізінде «Toyota таңбалы автокөліктерінің өндірісін ұйымдастыру» жобасын бастау туралы меморандумға 2013 жылдың ақпан айында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан қол қойылған болатын. Ынтымақтастықтың мәні - CKD (ұсақ тораппен құрастыру) әдісі арқылы Toyota Fortuner автокөліктерін өндіру, соған қоса шанақтарды дәнекерлеу және бояу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Бастапқы кезеңдегі өндіріс көлемдері жылына автокөліктің 3 000 бірлігін құрайды.
Қазіргі сәтте «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС-нің өндіріс алаңшаларында Toyota Fortuner автокөлігін дәнекерлеуге, бояуға және құрастыруға арналған жабдық монтаждалуда. 2014 жылы кәсіпорын Toyota Fortuner жол талғамайтын көлігінің өндірісін бастап, өндірілетін автокөліктердің үлгілік қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр.