Іздеу

Хлорелла суспензиясын өндіру және оны мал шаруашылығында қолданудың инновациялық биотехнологиясы.Қызықтырған жоба

Жалпы сипаттар
Жобаның өтініш берушісі А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.
Жобаны іске асырудың жорамалды орны Қостанай облысы.
Қажет етілетін инвестиция мөлшері 0,09
Жобаның жаңалығы мен инновациялық құрамдас бөлігі Хлорелла суспензиясы – 650-ден астам құрауыштан тұратын тірі кешен; Хлорелла алуан түрлі дәрумендердің айтарлықтай мөлшерін синтездейді, сондай-ақ осы көрсеткіші бойынша барлық өсімдік жемшөптерінен, ауыл шаруашылық дақылдарынан және ашытқыдан асып түседі; Бір литр хлорелланың өзіндік құны 5 теңгеден аспайды. Осылайша, бір бұзауға азық берген кезде хлореллаға кететін шығындар 1-ден 2,5 теңгені құрайды, ал сиыр үшін көп дегенде 10 теңгені құрайды. Бұл ретте, бордақылау кезінде кем дегенде 30% салмақ қосылады, ал сауым сүт көлемі көп дегенде 25% болады.
Ағымдағы жағдайы Жалғыз жасушалы балдырлардың штамм жинақтамасы бар; Тәжірибелік фотобиореакторлық қондырғы әзірленді.
Жауапты тұлғаның байланыс ақпараты С.К. Коканов, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Инновациялық ғылыми-білім беру орталығының директоры. тел.: 8 (7142) 21-12-00.