Іздеу

«Жоғары сапалы белсендендірілген көмір өндірісі бойынша зауыт салу».Қызықтырған жоба

Жалпы сипаттар
Жобаның өтініш берушісі «Жаса Корпорациясы» ЖШС.
Жобаны іске асырудың жорамалды орны Қостанай облысы.
Қажет етілетін инвестиция мөлшері 2,98
Жобаның жаңалығы мен инновациялық құрамдас бөлігі Қазіргі уақытта аса жоғары сапалы әрі арзан сорбенттерге қатысты мұқтаждық мәселесі өте өткін жағдай, ол фармацевтика, тағам өнеркәсібі, атом, мұнай-газ өңдеу және алтын өндіру салаларында кеңінен сұранысқа ие, соған қоса таза ауыз суын алуға және судың беткі қабаттарын мұнай төгінділері мен атмосфераға ұшып жатқан өнеркәсіптік газдардан тазартуға жәрдемдеседі. Ұсынылып отырған өндіріс қазақстандық ғалымдар әзірлеген және әлем бойынша баламасы жоқ, «Белсенді көмір алудағы Блотов әдісі және оны жүзеге асыру жабдығы» деп аталатын жаңа технологияға негізделген, ҚР патентіне сай, авторлары: Болотов А.В., Болотов С.А. Шикізат ретінде Қазақстан Республикасы мен көршілес елдерде жыл сайын көп мөлшерде пайда болатынауылшаруашылығы өнеркәсіптерінің қалдықтары (дәнді дақылдардың уланған және аса төмен сапалы дәндері, түйін жемісті дақылдардың, сары өріктің сүйектері) болып табылады, бұл өндірістің ерекше маңыздылығын білдіреді және экономикалық тиімділігін дәлелдейді. Жұмыс «Қостанай облысының Рудный қаласының 2015 жылға арналған даму жоспарының индустриялық картасы» жобаларының қатарына қосылған.
Ағымдағы жағдайы Алматы қаласының әкімінен алған «Қазақстандық шикізаттан кеңінен қолданылатын белсендендірілген көмірді дайындау бойынша автоматтандырылған тәжірибелік қондырғы дайындау» мақсатына берілген грантқа тәжірибелік зертханалық қондырғы әзірленген. (жастар арасындағы инновациялық өнертапқыштар байқауының 02.02.2007 жылғы №3 гранты). Шикізатты белсендендірілген көмірге айналдыру бойынша барлық үрдістер толық жүзеге асырылжы. Жаңа белсендендірілген көмірдің құрылымының электрондық фотосуреттерді оның құрамында бір мезетте қолданыстағы танымал көмірлерге тән қуыстардың барлығының бар екендігін көрсетті, бұл алынған өнімнің бірегейлігі мен әмбебаптығын дәлелдей алады. Бірнеше мәрте жүргізілген сынақтар үрдістің тұрақты түрде қайталанатындығын көрсетті. Алынған белсендендірілген көмірдің құрылысы мен технологиялық қасиеттері оларды сорбциялық қасиеті аса жоғары жаңа материал ретінде сипаттайды. Энергияны тұтыну көлемі мен дайын өнімнң шығуы бойынша сынақтық мәліметтер қанағаттанарлық деңгейде шикізаттың заттық құрамына сай келеді. Өнімнің энергияны тұтыну көлемі 0,403÷1,29 кВта/к. Құрайды - бастапқы материалдың дымқылдығы 10÷15% болғанда, ұшатын құрамдастардың мөлшері 61÷51% шамасында және қызған кезде 850÷950С дейін, реактордың температурасы бастапқы болған жағдайда. «Өнімнің салмағы бойынша шығысы» көрсеткіші 29÷34%, 75÷90% көлем бойынша. Көмірдің сорбент ретіндегі жұмысқа қабілеттілігі бірқатар үрдістер барысында тексерілді: суды тазарту; газды тазарту; әр түрлі мұнай өнімдерін қалқып алу және гидрометаллургиялық үрдіс барысында алтын сүзу кезінде. Суды белсендендірілген көмірмен өңдеу жалпы кермектілігін 10 бастап 7 мг/экв дейін төмендетуге, құрғақ қалдығын 419 бастап 295 мг/дм3 дейін азайтуға ықпал етеді - норма сәйкесінше 7 мг/экв және 1000 мг/дм3 болғанда. Алынатын сорбенттердің экономикалық көрсеткіштері нарықтағы қолданыстағы және әр түрлі технологиялық үрдістер мен бағыттарда қолданылатындарынан біршама артық.
Жауапты тұлғаның байланыс ақпараты Жобаның менеджері – Фролов Максим Викторович Тел.: +7 775 964 4700; E-mail: of.judo@mail.ru