Іздеу

Виза алу


Виза алу

Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасалған келісімімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзге жағдайлар қарастырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының территориясына кіру үшін виза алу қажет.

Төлқұжат түріне сәйкес ҚР азаматтарының өзара визасыз сапарларының тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім орнатылған немесе визасыз кіруге бір жақты келісім берген мемлекеттер.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 483 қаулысына сәйкес, Австралия Одағының, Венгрияның, Италия Республикасының, Монако Князьдігінің, Бельгия Корольдігінің, Испания Корольдігінің, Нидерланды Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Швеция Корольдігінің, Малайзияның, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Сингапурдың, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің, Америка Құрама Штаттарының, Германия Федеративті Республикасының, Финляндия Республикасының, Франция Республикасының, Швейцария Конфедерациясының және Жапонияныңазаматтары 2015 жылдың 16 шілдесі мен 2017 жылдың 31 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап 15 күнтізбелік күнге дейін визалық талаптардан босатылады.

Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу үшін қажетті құжаттар тізімі

1. Қазақстан Республикасының аумағына жеке іссапармен және тұрақты тұруға келетін шетелдіктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға арналған визалық қолдау/қолдаухат/ішкі істер органдарының рұқсаты.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды жол жүру құжаты.

3. Қазақстан Республикасының визаларын беру қағидаларының 15-қосымшасына сәйкес визаны ресімдеуге арналған сауалнама (1 дана).

4. Бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болып табылатын шетелдіктерден басқа, шетелдік осындай бас киіммен жол жүру құжатындағы фотосуретте бейнеленген жағдайда көзілдіріксіз және бас киімсіз беті алдынан қарағанда адам анық бейнеленген ақ-қара немесе түрлі-түсті 3,5х4,5 см. көлеміндегі бір дана фотосурет. Фотосурет азаматтың құжат ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес болуы тиіс.

5. Консулдық алымның төленгені туралы түбіртек.

6. «D1», «D2» және «D3» санаттардағы визалар үшін қосымша құжаттар ретінде жіберуші/іссапарға жіберуші ұйымнан виза беру туралы қолдаухат тапсыру.

7. «J1» санаттағы виза үшін қосымша ретінде мына құжаттар тапсырылады:

1) деректерді көрсете отырып, еркін нысанда көшіп келуші оралмандар квотасының тізіміне енгізу туралы өтініш-сауалнамасы;

2) құжаттарында, жеке басын куәландыратын құжатында ұлтын айқындайтын жазбасы жоқ болған жағдайда, өтініш берушінің ұлтын анықтайтын құжат;

3) көшіп келуші оралмандар квотасының тізіміне енгізу туралы қолдаухат тапсырушы адамның отбасы мүшесіне жататынын дәлелдейтін құжаттары;

4) көшіп келуші оралмандар квотасының тізіміне енгізуге басымды тәртіпте құқық беретін құжаттар (егер бар болған жағдайда);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) бекітілген шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын арулар тізбесінде көрсетілген аурулар өтініш берушіде және отбасы мүшелерінде жоқ деген анықтама;

6) өтініш берушінің кәмелетке толған отбасы мүшелеріне сотталғандығын немесе сотталмағандығын растайтын құжат.

8. «J2» санаттағы виза үшін қосымша ретінде мына құжаттар тапсырылады:

1) бланкі көші-қон полиция бөлімшелерінің қызметкерлерімен берілген өтініш-сауалнама;

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі- шақырушы тарап) өтініш берушінің шақырушы тараптың жеке меншік құқығына жататын тұрғын үй жайына тұрақты тіркеуге рұқсат беруі;

3) аталған тармақтың 2) тармақшасына сәйкес шақырушы тараптың Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ жеке меншік құқығына жататын тұрғын жайы туралы құжаттарының көшірмелері;

4) өтініш берушінің азаматтығы бар мемлекеттің немесе тұрақты тұрып жатқан жердің құзыретті органдарымен берілген шетелге тұрақты шығуға рұқсат беретін құжаты;

5) белгіленген үлгі бойынша Қазақстан Республикасында болу кезеңінде төлем қабілеті бар екендігін дәлелдейтін құжат (бұл Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын Қазақстанның немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы азаматтығында тұрғандарға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты емес);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) бекітілген шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын арулар тізбесінде көрсетілген аурулар өтініш берушіде және отбасы мүшелерінде жоқ деген анықтама);

7) сотталғаны немесе сотталмағандығын растайтын құжат.

Ескертпе: кәмелетке толмаған балалардың атынан қолдаухат олардың заңды өкілдерімен тапсырылады.

Жоғарыда аталған құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ СІМ-нің шет елдердегі уәкілетті қызметкерінің өтініш берушімен жүргізген сұхбатының қорытындысы ҚР СІМ арқылы құжаттарды қабылдағаннан бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ҚР ІІМ-не және ҚР ҰҚК-не тексеру және рұқсат беру үшін жолданады. ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК рұқсат құжаттарын ҚР СІМ-нен түскен күнінен бастап 3 айдан аспайтын мерзімде ұсынады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі mfa.gov.kz/kz