Іздеу

Визаның түрлері

Визаның түрлері

Визалар түрлері бойынша: 

1) көшіп келуге жатпайтын;
2) көшіп келу;
3) кету болып бөлінеді.

Мыналар:
1) «А1», «А2» және «А3» - дипломатиялық;
2) «В1», «В2» және «В3» - қызметтік;
3) «С1» және «С2» - инвесторлық;
4) «D1», «D2», «D3», «D4», «D5», «D6», «D7» және «D8» - іскерлік;
5) «E1», «E2» және «E3» - миссионерлік ;
6) «F1» - туристік;
7) «G1», «G2», «G3» және «G4» - жеке;
8) «H1» - транзиттіккөшіп келуге жатпайтын визаларға жатады

Мыналар:
1) «J1», «J2» және «J3» - тұрақты тұру;
2) «K1», «K2», «K3» - отбасын біріктіру;
3) «L1» және «L2» - білім алу;
4) «M1», «M2», «M3», «M4» және «M5» - еңбек қызметін жүзеге асыру;
5) «N1» және «N2» - гуманитарлық уәждеркөшіп келу визаларына жатады.

«P1», «P2», «P3», «P4», «P5», «P6», «P7» және «P8» кету визаларына жатады.

Визаның түрі мен санаты виза алушының Қазақстан Республикасына келу мақсатымен сәйкес келуі тиіс.

Визаның мәртелігі, қолдану мерзіміжәне болу кезеңі

№ р/н

Визаның санаты

Виза алушылар

Визаның мәртелігі

Визаның қолдану мерзімі

Болу кезеңі

I. Визаның түрі

КӨШІП КЕЛУГЕ ЖАТПАЙТЫН ВИЗАЛАР

1.

А1

Дипломатиялық виза.
«А1» санатындағы виза:
1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің басшыларына және олардың отбасы мүшелеріне;
2) дипломатиялық паспорттары бар - шет мемлекеттер үкіметтерінің, парламенттерінің мүшелеріне және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ дипломатиялық паспорттары бар – ресми шетелдік делегациялардың мүшелеріне және оларды алып жүретін адамдарға беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

көп мәртелік

3 жылға дейін

әр келген кезде 90 күнге дейін

2.

А2

Дипломатиялық виза.
«А2» санатындағы виза:
1) дипломатиялық паспорттары бар, Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін адамдарға;
2) дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар, халықаралық ұйымдардың паспорттары бар адамдарға;
3) курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық паспорттары бар - дипломатиялық поштаны тасымалдайтын курьерлерге;
4) Қазақстан Республикасының құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

көп мәртелік

3 жылға дейін

әр келген кезде 90 күнге дейін

3.

А3

Дипломатиялық виза.
«А3» санатындағы виза шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық агенттеріне, шетелдік консулдық мекемелердің консулдық лауазымды адамдарына, Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жіберілетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің құрметті консулдарына және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

көп мәртелік

180 күннің ішінде 90 күнге дейін

90 күнге дейін, одан әрі ҚР СІМ-де аккредиттеу
ҚР СІМ-нің аккредитациясы біткеннен кейін – Қазақстан Республикасынан шығу үшін қажетті 90 күнге дейін

4.

В1

Қызметтік виза.
«В1» санатындағы виза:
1) ресми шетелдік делегациялардың мүшелеріне және оларды алып жүретін адамдарға;
2) мемлекеттік органдардың шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін адамдарға беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

көп мәртелік

3 жылға дейін

әр келген кезде 90 күнге дейін

5.

В2

Қызметтік виза.
«В2» санатындағы виза:
1) дипломатиялық агенттерге теңестірілген мәртебесі жоқ халықаралық ұйымдардың паспорттары бар адамдарға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін ұлттық паспорттары бар адамдарға;
2) Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін қызметтік паспорттары бар адамдарға;
3) егер дипломатиялық паспорты болмай, курьерлік парағы болған жағдайда дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломатиялық курьерлерге;
4) Қазақстан Республикасына қызмет бабымен жіберілетін шетелдік мемлекеттердің әскери қызметшілеріне;
5) шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің шақыруымен Қазақстан Республикасына іссапармен жіберілетін адамдарға;
6) Қазақстан Республикасында аккредиттелген және ҚР СІМ басшылығының нұсқауы негізінде Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

көп мәртелік

3 жылға дейін

әр келген кезде 90 күнге дейін

6.

В3

Қызметтік виза.
«В3» санатындағы визалар дипломатиялық өкілдіктердің әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетуші персоналының мүшелеріне, халықаралық ұйымдардың немесе олардың өкілдіктерінің қызметкерлеріне, консулдық қызметкерлерге, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік мемлекеттердің консулдық мекемелеріне қызмет көрсететін персоналдың жұмыскерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

көп мәртелік

180 күннің ішінде 90 күнге дейін

90 күнге дейін, одан әрі ҚР СІМ-де аккредиттеу
ҚР СІМ-нің аккредитациясы біткеннен кейін – Қазақстан Республикасынан шығу үшін қажетті 90 күнге дейін

7.

С1

Инвесторлық виза.
«С1» санаттарындағы визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буынының өкілдері мен басшыларына, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына (бұдан әрі – АӨҚО), сондай-ақ олардың жұбайлары мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларына беріледі.

көп мәртелік

3 жылға дейін

визаны қолданудың барлық кезеңінде

8.

С2

Инвесторлық виза.
«С2» санаттарындағы визалар Қазақстан Республикасының экономикасын инвестициялауға қатысушы шетелдік заңды тұлғалардың басқарушы буынының өкілдері мен басшыларына, АӨҚО қатысушыларына, сондай-ақ олардың жұбайлары мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларына беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

9.

D1

Іскерлік виза.
«D1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына:
1) конференцияға, симпозиумге, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;
2) лекциялар оқу және жоғары оқу орындарында сабақ беру мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күнге дейін

екі мәртелік үш мәртелік

90 күнге

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

10.

D2

Іскерлік виза.
«D2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына
1) іссапар;
2) жабдықты монтаждау және техникалық жөндеу қызметін көрсету;
3) Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда, жастар, студенттік және мектепшілік алмасу бағдарламасына қатысу мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі.

көп мәртелік

1 жылға

180 күннің ішінде 60 күннен аспауы керек

11.

D3

Іскерлік виза.
«D3» санатындағы виза Қазақстан Республикасына
1) гуманитарлық көмекті алып жүру;
2) келіссөздер жүргізу,келісімшарттар жасау, консультациялық немесе аудиторлық қызметтер көрсету мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі.

көп мәртелік

3 жылға дейін

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек, бірақ 180 күнде 60 күннен аспауы керек

12.

D4

Іскерлік виза.
«D4» санатындағы визалар халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

көп мәртелік

1 жылға

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

13.

D5

Іскерлік виза.
«D5» санатындағы визалар пойыз бригадаларының құрамына енетін шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

көп мәртелік

1 жылға

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

14.

D6

Іскерлік виза.
«D6» санатындағы визалар Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының (ААХҰ) тиісті куәлігі жоқ, тұрақты әуе ұшақтарының және чартерлік авиарейс ұшақтарының экипаж мүшесі болып табылатын шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

көп мәртелік

1 жылға

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

15.

D7

Іскерлік виза.
«D7» санатындағы виза теңіз және өзен кемелерінің экипаж мүшелері болып табылатын шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

көп мәртелік

1 жылға

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

16.

D8

Іскерлік виза.
«D8» санатындағы виза Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әскери бөлімнің мүшесі болып табылатын шетелдіктерге беріледі.

көп мәртелік

1 жылға

әскери қызметінің мерзімі бойынша

17.

E1

Миссионерлік (діни) виза.
«Е1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына діни қызметпен келетін шетелдіктерге беріледі;

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

екі мәртелік
үш мәртелік

90 күнге

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

көп мәртелік

180 күнге

30 күннен аспауы керек

18.

E2

Миссионерлік виза.
«Е2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін жіберілген шетелдіктерге беріледі.

көп мәртелік

180 күнге

180 күнге

19.

E3

Миссионерлік виза.
«Е3» санатындағы виза «Е2» санатындағы визасы бар адамдардың асырауында болатын отбасы мүшелеріне беріледі.

көп мәртелік

отбасы мүшесінің «Е2» санатындағы визасының мерзіміне сәйкес беріледі

отбасы мүшесінің «Е2» санатындағы визасының мерзіміне сәйкес беріледі

20.

F1

Туристік виза.
«F1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына турист ретінде жіберілетін шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

екі мәртелік
үш мәртелік

90 күнге

әр келген кезде 30 күннен аспауы керек

21.

G1

Жеке виза.
«G1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына жеке жұмыстарымен жіберілетін шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік
екі мәртелік
үш мәртелік

90 күнге

1 жылда әр келген кезде 90 күннен аспауы керек

көп мәртелік
(тек қана
этникалық
қазақтарға)

1 жылға

визаны қолданудың барлық кезеңінде

22.

G2

Жеке виза.
«G2» санатындағы визалар:
1) емделу, медициналық тексеруге немесе консультациялар алу үшін Қазақстан Республикасына келушілерге;
2) стационарлық жағдайда емдеу қажеттілігі туындаған кезде Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктерге;
3) Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын жақын туыстарының стационарлық жағдайда емделіп жатқан шетелдікке немесе Қазақстан Республикасының азаматына қарау мақсатында Қазақстан Республикасына жіберілген немесе Қазақстан Республикасында жүрген шетелдіктерге беріледі. Туыстық дәрежесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады;
4) жағдайларды растайтын құжаттары бар болған кезде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды алып жүруші шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

180 күнге

90 күннен аспауы керек

екі мәртелік
үш мәртелік

180 күнге

әр келген кезде 90 күннен аспауы керек

23.

G3

Жеке виза.
«G3» санатындағы визалар Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін Қазақстан Республикасына жіберілетін шетелдіктерге визалық қолдаудың негізінде беріледі.

бір мәртелік

180 күнге

120 күннен аспауы керек

екі мәртелік
үш мәртелік

180 күнге

әр келген кезде 120 күннен аспауы керек

24.

G4

Жеке виза.
G4» санатындағы визалар Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша шетелге шығатын кәмелетке толмаған шетелдікке беріледі.

екі мәртелік

60 күнге

60 күнге

25.

H1

Транзиттік виза.
«Н1» санатындағы виза визасыз транзит жасауға құқығы жоқ шетелдіктерге үшінші елге келуге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өту үшін беріледі.

бір мәртелік
екі мәртелік
үш мәртелік

90 күнге

бір бағытта 5 күннің ішінде

II. Визаның түрі

КӨШІП КЕЛУ ВИЗАЛАРЫ

26.

J1

Тұрақты тұруға арналған виза.
«J1» санатындағы визалар Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында жіберліген этникалық қазақтарға беріледі.

көп мәртелік

1 жылға

1 жылға

27.

J2

Тұрақты тұруға арналған виза.
«J2» санатындағы визалар тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келушілерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

90 күнге

28.

J3

Тұрақты тұруға арналған виза.
«J3» санатындағы визалар Қазақстан Республикасында келген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы қолдаухат білдірушілерге беріледі.

бір мәртелік
екі мәртелік
үш мәртелік

90 күнге

90 күнге

29.

K1

Отбасын біріктіруге арналған виза.
«K1» санатындағы виза Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келген Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын адамдарға беріледі.

көп мәртелік

1 жылға

1 жылға

30.

K2

Отбасын біріктіруге арналған виза.
«K2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатымен келген этникалық қазақтар және бұрынғы отандастар немесе Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алған (екі жылға дейінгі мерзімде) бұрынғы отандастардың отбасы мүшелері болып табылатын адамдарға беріледі.

көп мәртелік

1 жылға

1 жылға

31.

K3

Отбасын біріктіруге арналған виза.
«K3» санатындағы виза Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың отбасы мүшелері болып табылатын адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келген бизнес - көшіп келушілерге беріледі.

көп мәртелік

1 жылға

1 жылға

32.

L1

Білім алуға арналған виза.
«L1» санатындағы визалар:
1) Қазақстан Республикасына орта, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын, соның ішінде білім алушылармен алмасу және дайындық курстарынан өту ұйымдастырылған бағдарламаларды іске асыратын білім беру мекемелеріне оқуға, оқуға түсу үшін жіберілетін шетелдіктерге;
2) Қазақстан Республикасына уақытша келген және Қазақстан Республикасының оқу орындарына түскен этникалық қазақтарға (ұлттық тиістілігін растайтын құжаттары бар болған кезде) беріледі.

бір мәртелік
екі мәртелік
үш мәртелік

90 күнге

90 күнге

көп мәртелік

1 жылға дейін

1 жылға дейін

33.

L2

Білім алуға арналған виза.
«L2» санатындағы виза Қазақстан Республикасына оқу тәжірибесінен немесе тағылымдамадан өту үшін жіберілген шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік
екі мәртелік
үш мәртелік

90 күнге

90 күнге

көп мәртелік

1 жылға дейін

оқу тәжірибесінің немесе тағылымдамадан өту мерзіміне сәйкес

34.

M1

Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза.
«М1» санаттағы виза:
1) шетелдік жұмыскерге немесе шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге берілген еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат қағазының негізінде рәсімделген Қазақстанға жұмысқа бара жатқан шетелдіктерге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасына жұмысқа бара жатқан және жұмысқа орналасуға немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға қажеттілігі жоқ шетелдіктерге беріледі.

көп мәртелік

1 жылға дейін мерзімге немесе рұқсаттың қолдану мерзіміне арналған

1 жылға дейін мерзімге немесе рұқсаттың қолдану мерзіміне арналған

35.

M2

Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза.
«М2» санаттағы виза осы Қағидалардың 34-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың асырауындағы жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне беріледі.

көп мәртелік

негізгі отбасы мүшесінің «M1» санатындағы визасының қолдану мерзімінен аспауы керек

негізгі отбасы мүшесінің «M1» санатындағы визасының қолдану мерзімінен аспауы керек

36.

M3

Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза.
«М3» санатындағы виза Қазақстан Республикасына жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасуға рұқсат алу үшін құжат тапсыру мақсатында келген шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге

30 күннен аспауы керек

37.

M4

Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза.
«М4» санаттағы визалар бизнес-көшіп келушілерге беріледі.

көп мәртелік

1 жылға дейін

1 жылға дейін

38.

M5

Еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған виза.
«М5» санаттағы виза шетелдік маусымдық жұмыскерлерге беріледі.

бір мәртелік
екі мәртелік
үш мәртелік

1 жылға дейін мерзімге, бірақ жұмыс күшін тарту рұқсатының жарамдылық мерзімінен аспауы тиіс

1 жылға дейін мерзімге, бірақ жұмыс күшін тарту рұқсатының жарамдылық мерзімінен аспауы тиіс

39.

N1

Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша ҚР-да болуға арналған визалар.
«N1» санатындағы виза Қазақстан Республикасына білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек көрсету саласында ақысыз қызмет көрсету үшін келуші волонтерлерге беріледі.

бір мәртелік
екі мәртелік
үш мәртелік

90 күнге

90 күнге

көп мәртелік

1 жылға

1 жылға

40.

N2

Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша ҚР-да болуға арналған визалар.
«N2» санатындағы виза Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың негізінде қайырымдылық, гуманитарлық көмек көрсету және гранттарды беру мақсатында Қазақстан Республикасына келуші шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік екі мәртелік үш мәртелік

90 күнге

90 күнге

көп мәртелік

1 жылға

1 жылға

III. Визаның түрі

КЕТУ ВИЗАЛАРЫ

41.

P1

Кету визасы.
«Р1» санатындағы виза Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және басқа жаққа тұрақты тұру үшін кететін кезде шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

90 күнге дейін

90 күнге дейін

42.

P2

Кету визасы.
«Р2» санатындағы виза Қазақстан Республикасы аумағында жол жүру құжатын жоғалтып алған шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

30 күнге дейін, бірақ қайтуға арналған куәліктің мерзімінен аспауы керек

30 күнге дейін, бірақ қайтуға арналған куәліктің мерзімінен аспауы керек

43.

P3

Кету визасы.
«Р3» санатындағы виза оларға қатысты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы шешім қабылданған шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

30 күнге дейін, немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шетелдікті шығарып жіберу туралы сот қаулысында көрсетілген мерзімде

30 күнге дейін, немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шетелдікті шығарып жіберу туралы сот қаулысында көрсетілген мерзімде

44.

P4

Кету визасы.
«Р4» санатындағы виза егер олардың Қазақстан Республикасында бұдан әрі болуына негіз жоқ болса, шығарып жіберумен байланысты емес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданған шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

15 күнге дейін

15 күнге дейін

45.

P5

Кету визасы.
«Р5» санатындағы виза егер олардың Қазақстан Республикасында бұдан әрі болуы үшін негіз жоқ болса, Қазақстан Республикасына визасыз кіру және болу тәртібі туралы келісімнің негізінде Қазақстан Республикасына келген шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

30 күнге дейін

30 күнге дейін

46.

P6

Кету визасы.
«Р6» санатындағы виза Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінен босаған шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

15 күнге дейін

15 күнге дейін

47.

P7

Кету визасы.
«Р7» санатындағы виза Қазақстан Республикасы аумағынан визаның жарамдылық мерзімі немесе визасыз болуға рұқсат етілген мерзім аяқталғанға дейін кетуге кедергі жасайтын форс-мажорлық жағдайдың, пойыздың немесе өзге көлік құралының жүру рейсінің тоқталуы және кідіруі дәлелін ұсынған шетелдіктерге беріледі.

бір мәртелік

15 күнге дейін

15 күнге дейін

48.

P8

Кету визасы.
«Р8» санатындағы виза белгіленген заң тәртібінде Қазақстанның Қылмыстық кодекске сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылған, оларға қатысты істерді жасағаны туралы хабарлаған адамдарға беріледі.

бір мәртелік

30 күнге дейін

30 күнге дейін