SetTitle("EXPO 2017"); ?> IncludeComponent( "bitrix:breadcrumb", "breadcrumbs", Array( "START_FROM" => "0", "PATH" => "", "SITE_ID" => "s3" ) );?>


 expo2017.png

Дүниежүзілік әмбебап EXPO көрмелері – бұл маңыздылығы бойынша дүниежүзілік форумдармен, ал туристтік тартымдылығы бойынша ең танымал спорттық шаралармен салыстырылатын ғаламдық көлемдегі оқиға.

EXPO көрмелері бес жылда бір рет өткізіледі және әлемдегі ең айтулы және мәртебелі көрме алаңы болып табылады. Мамандандырылған халықаралық көрмелер (International Recognised Exhibition) үш айға созылады. EXPO-ны миллионтаған туристтер тамашалайды. Сондықтан әр ел ұқсасы жоқ келбет қалыптастыруға тырысады. Оның мәдениетінің ұлттық болмысы мен дүние жүзініе өзінің экономикалық және технологиялық даму деңгейін паш ете алатын павильон қалыптастыруға тырысады. Нәтижесінде тамашалаушылар авильондардың ауыз ашып таң қаларлықтай сәулеттік-құрылыстық көріністерін де, ең жаңа ғылыми технологиялар негізінде дайындалған экспонаттарды да көре алады. Сөзбе-сөз айтқанда – болашақ технологиясын тамашалай алады.

Осыған дейін өткізілген EXPO көрмелері әлемдік қауымдастықтар үшін мемлекеттік мәртебесінің аса жоғары екендігін білдіреді. Орталық-Азия аумағының теңдесі жоқ әрі мойындалған үздігі болып табылатын Қазақстан территориясы бойынша әлемнің ең үлкен елдердің біріи, өзінің тәуелсіздігінің 20 жылы бойына инвестициялық климатының тұрақтылығын, саяси және экономикалық тұрғыдан даму қарқынының жоғары екендігін паш етіп келеді, сондықтан да EXPO-2017 көрмесін өткізуге лайықты ел деп танылды.

Қазақстан өткізетін EXPO көрмесінің тақырыбы - «Болашақ энергиясы», барлық әлемдік қауымдастықтықты қобалжытатын, қазіргі заманның ең өзекті дәне дүниежүзілік деңгейдегі маңызы бар мәселе – энергияны тұрақты пайдлану мәселесіне қатысты. Астана осы саланың үздік әлемдік туындылары мен трендтерінің алаңына айналады. Инновациялық мемлекет болуға тырысу үстіндегі Қазақстанға көрме экономиканың диверсификациясы үшін, сонымен қатар өндірістік қуаттылықтарды және ғылыми базаны жаңғыртуға, елге жаңа технологиялар мен инсвестициялар тартуға аса күшті екпін береді.

EXPO-2017 өткізу астанамыздың да, тұтас республикамыздың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына қосымша ынталандырушы күш болмақ.

Дамуға деген жаңа, әрі айтарлықтай екпінге астана мен шектес аумақтардың шағын және орта бизнестері де ие болады, әсіресе ең алдымен – халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм салалары. Бұл шара көрме нысандарының құрылысы мен астананың инфрақұрылымына жеке инвестициялардың көлемді бөліктерін тартуға мүмкіндік береді.

Көрме әлемді көп ұлтты мәдениетпен, ежелгі тарихпен, өнермен, дәстүрмен және қазақстандықтардық қонақжайлылығымен таныстыратын болады, ал бұл өз кезегінде Қазақстанның туристтік тартымдылығының танымалдығын арттырады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 15 қаңтарындағы №11 Қаулысына сай «Астана ЕКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы құрылған.

«Астана ЕКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:

- Астана қаласында мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуді дайындау және өткізу;

- мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғаннан кейін ЭКСПО-2017 нысандарын пайдалану және қолдану болып табылады.

Ұлттық компанияның басты міндеті тіркелетін құжаттамалардың мазмұндық бөліктерін дайындау, ЭКСПО-2017 территориясында инфрақұрылымдар мен нысандарды жобалау және олардың құрылысын жүзеге асыру.

EXPO-2017 бойынша неғұрлым толық ақпаратпен Сіз www.expo2017astana.com таныса аласыз.