Іздеу

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

Қостанай облысы Қазақстанның өнеркәсіптік-дамыған өңірлерінің бірі болып табылады.

Облыста тау-кен өндіру, өңдеу өнеркәсібінің, автомобиль жасау кәсіпорындары жұмыс істейді, ауыл шаруашылық жабдықтары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, тамақ өнімдері және сусындар өндіріледі. Облыстың заманауи көпсалалы өнеркәсібі комбинаттармен, зауыттармен, заманауи шағын кәсіпорындарымен келтірілген.

2017 жылғы 1 қаңтар жай-күйі бойынша облыстың өнеркәсіп құрылымында тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 39,2 пайызды, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 52,7 пайызды, электрмен қамтамасыз етудің, газ, бу берудің және ауа баптаудың үлесі 6,4 пайызды, сумен жабдықтаудың, кәріз жүйесінің, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылаудың үлесі 1,7 пайызды құрады.

Мемлекеттердің тәуелсіздігі кезеңінде облыста қолданыстағы бағалармен өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің жыл сайынғы өсімі байқалады. Мысалы, 1993 жылы өнімнің өнеркәсіптік өндіріс көлемінің көрсеткіші 1,5 млрд. теңгені құрады, ал 2005 жылы - 182,9 млрд. теңгені (1993 жылға қарай өсім қарқыны 122 есе) құрады, 2015 жылы 443,1 млрд. теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірілді.

Қостанай облысы – Қазақстанның ірі тау-кен өндіру өңірлерінің бірі болып табылады. Осы саланың кәсіпорындары 100% дейін темір кенді шекемтастардың, бокситтердің және асбесттің республикалық көлемін, 90% дейін темір кенін өндіреді.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің негізін «ССТӨБ» АҚ, «Варваринское» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Өркен» ЖШС-нің Лисаков филиалы, «Қазақстаналюминийі»АҚ-тың филиалы КБКБ, «Қазақстаналюминийі»АҚ-тың филиалы ТБКБ сияқты кәсіпорындар және басқалар құрайды.

Өнеркәсіптің басым салаларына салынған күрделі қосылымдар көлемінің есебінен қазіргі таңда соңғы жылдары өңірде жеңіл және коммерциялық автомобильдерді, комбайндарды және басқа да ауыл шаруашылық техниканы жинау жөніндегі жаңа өндірістер ашылды, металл илемдейтін зауыт, құрылыс материалдарды өндіру жөніндегі кәсіпорындар салынды.

Аграрлық өнеркәсіп үшін жаңа диірмендер, сүт-тауарлық фермалар салынды, шаруашылық-репродуктар және бордақылау алаңдары, ет өңдейтін кешендер және май зауыттары құрылды.

Тұрақты негізде өнеркәсіптің басым салалары белсенді дамып жатыр, қосымша жұмыс орындары пайда болып жатыр, жаңа өндірістер іске қосылып жатыр. 2019 жылғы қорытындылар бойынша өнеркәсіпте 45,4 мың адам еңбек етуде.

Облыстың кәсіпорындарында тұрақты негізде ассортиментті, шығарылатын өнімдерді кеңейту, жаңа технологияларды, жабдықтарды енгізу, жаңа өндірістерді ашу бойынша жұмыстар, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Заманауи кезеңде біздің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі міндеттеріне ұлттық экономиканы күшейту, отандық тауарлардың және қызметтердің бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік сектордың кейінгі дамуын қамтамасыз ету кіреді.

Қостанай облысы кәсіпкерлігінің қалыптасуына көмектесу үшін шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуына нарықтың облыстың аумағында өндірілетін тауарлармен және қызметтермен молығуын қамтамасыз ететін жағымды жағдайлар жасалды, жаңа жұмыс орындары құрылды, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салықтардың тұрақты түсуі қамтамасыз етілді.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің санына келсек, осы көрсеткіш те ұлғайып жатыр, және 2016 жылғы 1 қазан жай-күйі бойынша 153 177 адамды құрайды, бұл өткен жылға қарағанда 6,9%-ға аз.

2016 жылғы қаңтар-қыркүйек үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 365,6 млрд. теңгеге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді шығарды, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңнен 15,2%-ға көп.

Индустрияландыру картасын іске асырудың І бесжылдығының аясында қолданысқа сомасы 115,8 млрд. теңгені құрайтын 77 объект енгізілді. 4753 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына 333,4 млрд. тенгені құрайтын инвестициялардың жалпы көлемімен және 4546 жұмыс орындарын құрумен 19 жоба кіреді.

2016 жылы индустрияландыру картасының аясында инвестициялардың жалпы сомасы 4,1 млрд.тенгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылды, 97 жаңа жұмыс орындар құрылды:

1.Қостанай қ. өсімдік майын өндіру зауытын жандандыру, «K-Oil» ЖШС. Жобаның құны 324 млн. теңге, 16 жаңа жұмыс орын құрылды. Пайдалануға ө.ж. 30 наурызында енгізілді;

2.Қолданыстағы өндірісті кеңейту. Қосымша жайлар блогы бар № 2 бисквит жасау цехының құрылысы, «Баян Сұлу» АҚ. Жобаның құны 3667 млн. теңге, 45 жұмыс орын құрылды. Пайдалануға 2016 жылғы 22 қыркүйекте енгізілді;

3.Лисаков қ. тентті қаңқалы ангарлар өндіру жөніндегі цех құрылысы, «СпецСтальКонструкции» ЖШС. Жобаның құны 120 млн. теңге, 36 жұмыс орын құрылды. Қолданысқа 2016 жылғы 30 қарашада енгізілді.

2017 жылы кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 306 жұмыс орын құрумен, жалпы сомасы 16 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны пайдалануға енгізу жоспарлануда:

1.Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында қарақұмық жармасын өндіру зауытының құрылысы, «СеверАгроПродукт» ЖШС. Жобаның құны 536,7 млн.теңге, 28 жұмыс орын құрылады.

2.Денисов ауданының Комаров ауылдық округында микрокальцит шығаратын зауыттың құрылысы, «Казкальцид» ЖШС. Жобаның құны 700 млн.теңге, 20 жұмыс орын құрылады.

3.Рудный қаласында цемент зауытының құрылысы, «Рудный цемент зауыты» ЖШС. Жобаның құны 14777 млн. теңге, 258 жұмыс орын құрылды.